17 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 17 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

null
17 қараша.

Халықаралық студенттер күні

Прагада 1939 жылғы 17 қарашада неміс-фашист басқыншылары атып өлтірген чех патриот-студенттерін мәңгі есте қалдыру үшін Прагада 1946 жылы өткен Дүниежүзілік студенттер конгресінде бекітілді.

Әзербайжанның ұлттық қайта жаңару күні

1988 жылы бұл күні Бакудегі Ленин алаңында (қазір Азаттық алаңы) бұрынғы Кеңес Одағы орталық билігінің Таулы Қарабақтағы шиеленіске қатысты саясатына қарсы наразылық білдіріп, Әзербайжанның КСРО құрамынан шығарылуын талап еткен ұрандар айтылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1837 жылы 17-24 қараша күндері Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Жасқұста хан жасағымен шайқасты.

1993 жылы Гейдар Әлиев атындағы «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы құрылды. Қоғам Қазақстан мен Әзербайжанның екіжақты өзара қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарып, Астана мен Баку қалалары арасында достық байланысты нығайту ісіне үлесін қосып отыр.

2005 жылы Қазақстанның орталық спорт клубының альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Антарктидада Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп, салтанатты түрде лагерь ашты. «Қазақстан - Антарктида-2005» спорттық-альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Оңтүстік полюстегі осы уақытқа дейін ешкім шығып көрмеген бес құзар биіктіктің төбесіне табан тіреді. Сөйтті де, бұл биіктіктерге «Қазақстан шыңы», «Астана шыңы», «Қазақстан халықтары Ассамблеясы шыңы», «Әл-Фараби шыңы», «Оңтүстік Олимп биіктігі» деген ат беріп, сөйтіп Антрактида картасында жаңадан шыңдар пайда болды.

2010 жылы  Алматы қаласындағы К.Кужамьяров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрында танымал қазақстандық хореограф, балет шебері, ҚР Халық әртісі  Болат Аюхановқа әлемдік мәдениетті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Халықаралық Сократ сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. "Socrates Award Ceremony" атты Халықаралық Сократ сыйлығы - бұл кәсіби саладағы жетістіктердің бағасы, ең жоғары, халықаралық  дәрежеде мойындалғандықтың белгісі. Болат Аюханов - бұл сыйлықтың Қазақстандағы алғашқы лауреаты.

2014 жылы Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ фольклорының 100 томдық «Балабар сөзінің» таныстырылымы өтті.

2014 жылы Қостанайда зағип ақындар шығарған өлеңдердің алғашқы жинағы жарыққа шықты. «Сезімдер кемпірқосағы» («Радуга чувств») деп аталатын жаңа кітапқа бүкіл облыстағы «ерекше» тоғыз ақынның шығармалары кірді.  

2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы бекітілді. Стипендияның ай сайынғы көлемі - 20 АЕК.

2017 жылы Голливудтағы Hollywood Music in Media Awards байқауында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән «Moonlight Blade» бейнеойынына үздік саундтрек ретінде жеңіске жетті.

2017 жылы қазақстандық шахматшы, төрт дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ұлттық ізгі ниет елшісі атанды.

Соңғы жаңалықтар