17 қараша ел аумағында боран күшейіп, қар жауады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 17 қараша, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оған сәйкес, ертең атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жолда көктайғақ болады. Жел күшейеді, сондай-ақ, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Соңғы жаңалықтар