17 қаңтарда оңтүстікте аяз, шығыста боран соғады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 17 қаңтар, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кең ауқымды солтүстік-батыс антициклонының әсерінен еліміздің барлық аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың шығысында атмосфералық фронттар жүріп өтеді. Осыған байланысты қар жауады, жел күшейіп, боран соғады.

Елдің оңтүстігінде тұман болады.

Түнде солтүстікте, шығыста, Жетісу облысы мен Алматы облысының таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.

Соңғы жаңалықтар