17 қаңтар. Туған күн иелері

Редактор:  
Айдар Оспаналиев

17 қаңтар. Туған күн иелері

Бүгін, яғни 17 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

photo

85 жыл бұрын (1937-2014) жазушы, оннан астам повесть пен әңгімелер жинағының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Энгельс Ғаббасұлы ҒАББАСОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауданында туған. Филология ғылымының кандидаты (1976), доцент (1978). Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1966), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. 1957-1968 жылдары мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. 1996 жылы ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды. «Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі «Простор» журналында (1965) жарияланды. Шығармаларын орыс тілінде жазған.

photo

70 жыл бұрын (1952) мемлекеттік және қоғам қайраткері Айгүл Сағадибекқызы СОЛОВЬЕВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, химия пәнінің оқытушысы. Техника ғылымдарының кандидаты. 1970 - 1975 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті, химия факультеті. 1983 - 1986 жылдары – аспирантура, 1975 - 1979 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы химия ғылымдарының институты, аға лаборант, инженер, тотық балқытпасы зертханасының аға инженері. 1979 - 1993 жылдары - Стромпроект ҒЗИ, силикаттардың физикалық-химия зертханасының кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері; «Баяу балқитын және металл емес материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Кандидаттық және докторлық кеңесінің ғылыми хатшысы. 1993 - 2007 жылдары - «Базальт-Инт» ЖШС-ның бас директоры. 1983 - 1987 жылдары - Қазақстанның ЛКЖО ОК жанындағы Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің Республикалық ғылыми - техникалық комитетінің төрайымы. 1998 - 2002 жылдары - Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Атыраудағы филиалының төрайымы. 2000 - 2003 жылдары - Қазақстан Сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығының төрайымы. 2003 - 2006 жылдары - Қазақстан Сүт Одағының тең төрайымы; 2005 жылдан бастап «Атамекен» ҚҰЭП» Үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2006 жылдан бастап «Қазақстан Азаматтық Альянсының» Үйлестіру кеңесінің төрайымы. 2007- 2011 жылдары төртінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Қазіргі қызметінде – 2016 жылдан бастап. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

photo

59 жыл бұрын (1963) медиа-менеджер, журналист - Нұрай Нұрғожаұлы ОРАЗОВ дүниеге келді.

Қостанай қаласында туған. С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын (1985) орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; «Тұран»университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты (1997). 1985 жылдан - Целиноград педагогикалық институтының оқытушысы. 1990 жылдан - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты, аға оқытушысы. 1998 жылдан -ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы. 2000 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құжаттық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің кеңес берушісі. 2002 жылдан - ҚР Мәдениет,ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Президентінің Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2006 жылдан - «КаzЕnеrgy» ҚҚ сараптау-талдау тобының жетекшісі. 2007 жылдың қаңтарынан - ҚР Мәдениет және министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы. 2007 жылдың қазанынан - «Арна Медиа» Ұлттық акционерлік холдингі» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары. 2010 жылдың наурызынан - ҚР Ақпарат министрлігінің ақпарат жөніндегі вице-министрі. 2011 жылғы қарашадан – «Нұр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары. Литер-Айқын» ЖШС бас директоры болды.

«Қазақстан конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарімен марапатталған.





Серіктестер жаңалықтары