17 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null

ЕСІМДЕР

82 жыл бұрын (1937-2014) жазушы, оннан астам повесть пен әңгімелер жинағының авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Энгельс Ғаббасұлы ҒАББАСОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауданында туған. Филология ғылымының кандидаты (1976), доцент (1978). Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1966), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. 1957-1968 жылдары мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. 1996 жылы ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды. «Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі «Простор» журналында (1965) жарияланды. Шығармаларын орыс тілінде жазған.

67 жыл бұрын (1952) «Аймақ» қоғамдық қорының төрайымы Айгүл Сағадибекқызы СОЛОВЬЕВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, химия пәнінің оқытушысы. Техника ғылымдарының кандидаты.
1970 - 1975 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті, химия факультеті. 1983 - 1986 жылдары - аспирантура, 1975 - 1979 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы химия ғылымдарының институты, аға лаборант, инженер, тотық балқытпасы зертханасының аға инженері. 1979 - 1993 жылдары - Стромпроект ҒЗИ, силикаттардың физикалық-химия зертханасының кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері; «Баяу балқитын және металл емес материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Кандидаттық және докторлық кеңесінің ғылыми хатшысы. 1993 - 2007 жылдары - «Базальт-Инт» ЖШС-ның бас директоры. 1983 - 1987 жылдары - Қазақстанның ЛКЖО ОК жанындағы Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің Республикалық ғылыми - техникалық комитетінің төрайымы. 1998 - 2002 жылдары - Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Атыраудағы филиалының төрайымы. 2000 - 2003 жылдары - Қазақстан Сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығының төрайымы. 2003 - 2006 жылдары - Қазақстан Сүт Одағының тең төрайымы; 2005 жылдан бастап «Атамекен» ҚҰЭП» Үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2006 жылдан бастап «Қазақстан Азаматтық Альянсының» Үйлестіру кеңесінің төрайымы. 2007- 2011 жылдары төртінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
Қазіргі қызметінде - 2016 жылдан бастап.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

63 жыл бұрын (1956) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Амангелді Өмірбайұлы СӘРСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Еңбек жолын 1983 жылы электровоз машинисінің көмекшісі болып бастады. 1978-1983 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті заң факультеті комсомол комитетінің хатшысы, университет комсомол комитеті хатшысының орынбасары. 1984 жылы - ҚЛКЖО ОК нұсқаушысы. 1985-1988 жылдары - Совет аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1988-1992 жылдары - Совет аудандық сотының судьясы. 1992-1996 жылдары - Алматы қаласы әділет басқармасы бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, бастығы. 1996-1997 жылдары - Көкшетау облыстық сотының төрағасы. 1997 жылы - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 1997-2001 жылдары - ТМД Экономикалық сотының судьясы. 2001 жылы - ҚР Әділет министрлігінің сот қаулыларын орындау комитетінің төрағасы. 2001-2002 жылдары - ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілендіру комитетінің атқару өндірісін ұйымдастыру департаментінің директоры. 2002-2006 жылдары - ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2006 жылғы маусым-қазан айларында - ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2006-2008 жылдары - Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2008-2012 жылдары - Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы. 2012-2013 жылдары - Астана қаласы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы желтоқсаннан бері.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

56 жыл бұрын (1963) «Литер» газетінің бас редакторы (директор) Нұрай Нұрғожаұлы ОРАЗОВ дүниеге келді.

Қостанай қаласында туған. С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын (1985) орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; «Тұран»университетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты (1997).

1985 жылдан - Целиноград педагогикалық институтының оқытушысы. 1990 жылдан - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты, аға оқытушысы. 1998 жылдан -ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бас маманы. 2000 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құжаттық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің кеңес берушісі. 2002 жылдан - ҚР Мәдениет,ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Президентінің Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2006 жылдан - «КаzЕnеrgy» ҚҚ сараптау-талдау тобының жетекшісі. 2007 жылдың қаңтарынан - ҚР Мәдениет және министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы. 2007 жылдың қазанынан - «Арна Медиа» ¥лттық акционерлік холдингі» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары. 2010 жылдың наурызынан - ҚР Ақпарат министрлігінің ақпарат жөніндегі вице-министрі. 2011 жылғы қарашадан - «Нұр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары.

«Қазақстан конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарімен марапатталған.

54 жыл бұрын (1965) Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Бәкірбайұлы ЖАСЫБАЕВ дүниеге келді.

Алматы жалпытехникалық факультетін және Өскемен жол-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша (1989) бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысының ДЭУ-64 жол мастері (1989-1991 жылдары) болып бастаған, ДЭУ-223 бас инженері (1991-1995); Жуалы өнеркәсіптік-жол учаскесінің бастығы (1995-1996); «Жамбылавтожол» мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері (1996-1999); «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл филиалының бас инженері (1999-2000); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы мемлекеттік агенттігінің бас инженері (2000-2001 жылдары); «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы жол әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары (2001-2008 жылдары); «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық департаменті» директоры (2008 жылдан бастап); «ҚазАвтоЖол» ҰК »АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры (2013-2014).

Қазіргі лауазымында - 2014 жылдың қараша айынан бастап.

«Ерен еңбегі үшін» медалі; «Көлік құрылысы саласындағы қызметтері үшін» мерейтойлық төсбелгісі; Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі; ТМД-дағы жол қызметкерлерінің үкіметаралық кеңесінің құрмет грамотасы; «Қазавтожол - 10 жыл», «Құрметті жолшы» төсбелгілерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар