17 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 17 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы басталады.

11.00-де Үкімет үйінде «Баспана қолжетімділігі мен сапасын арттыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де кәсіпкерлерге арналған «Atameken services» порталының жаңартылуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның ірі өндіріс ошақтарының жасыл рейтингі бойынша 2018 жылғы қортындысы» тақырыбына баспасөз маслихаты ұйымдастырылады.

15.00-де «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қызметі мен қолжетімділігін тексереді.

15.00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында ресейлік балалар жазушысы, «Фиксики» мультсериалының сценарисі, «Смешарики» жобасының авторларының бірі Игорь Шевчукпен кездесу өтеді.

16.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің отырысы өтеді.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қатысуымен «2018 жылдағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасындағы Е. Тұрсыновтың киноклубында «Ұлы Жібек жолы - өткен мен болашақтың сабақтастығы» атты деректі фильмі мен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақалалар жинағы таныстырылады.

17.00-де Қазақстан қор биржасының баспасөз бөлмесінде KASE 25 жылдығына арналған кітап таныстырылымы өтеді.

КӨКШЕТАУ

15.00-де Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Таткеев «Ақмола облысы Целиноград ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

ШЫМКЕНТ

10.40-та №81 орта мектептің мәжіліс залында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Абай ауданы әкімінің халық алдындағы 2018 жылдың қорытындысы бойынша есепті кездесуіне қатысады.

Соңғы жаңалықтар