Валюта бағамдары:
    usd/kzt 422.01 eur/kzt 452.06

    rub/kzt 6.75 cny/kzt 62.72
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

17 қаңтар. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

2022 жылғы 17 қаңтар 06:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 17 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баренц теңізі аудандарынан белсенді циклон бұрынғысынша жаңбыр мен қар түрінде мол жауын – шашын әкеліп, ҚР басым бөлігінің ауа-райына, Қазақстанның оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын әкеледі. Сондай-ақ, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады, түнде желдің күшеюі басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с болады.

Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың солтүстігі мен батысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде басым бөлігінде, күндіз Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, түнде облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Павлодар облысының шығысында және орталығында күн жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с, түнде солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м / с жел тұрады.

Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысының басым бөлігінде көктайғақ, солтүстікте және таулы аудандарда тұман, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар