17 аптада - 17 марафон: Қазақстандықтар елдің әр қаласында 42 км жүгірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 1 желтоқсан күні «17/17/17» ауқымды жүгіру шарасы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жоба авторы - бизнес-жаттықтырушы, алматылық Виктор Мальчиков. Ол 17 апта ішінде Қазақстанның 17 қаласында 17 марафон өткіземін деп алдына мақсат қойған.

«Челлендждің мақсаты – жүгіруде ешқандай шектеу жоқ екенін көрсету. Адам кез келген жерде жүгіре алады. Бұл челлендж Алматыда 11 тамыз күні басталып, 1 желтоқсан күні Нұр – Сұлтан қаласында аяқталды. Бізбен бірге кәсіби марафоншылар мен әуесқой спортшылар жүгірді. Егер адам алдына мақсат қойып, соған дұрыс дайындалса, бір емес, бірнеше марафонды бағындыра алады. Біз соны көрсетіп, дәлелдегіміз келді», - дейді Виктор Мальчиков.

Бұл челендж #ДругойТы және «Алматы марафоны» жобасының қолдауымен өтті. Сонымен қатар, Виктор Мальчиков әр қалада жүгірушілермен кездесіп бірнеше семинарлар өткізді.

«Әрине, мұндай жүктемелер нақты дайындықты қажет етеді. Денеге дайындықсыз күш салуға болмайды. Менің жүгірумен айналысқаныма төрт жыл болды. Көктемде мен физикалық дайындықты көрсететін спорт сынағынан өттім. Содан кейін екі үлкен стартқа дайындалдым - мамырда жедел жарты марафонға және шілдеде Нұр-Сұлтандағы Ironman 70.3-ке қатыстым. Сондықтан жаттығулар үнемі жүргізіліп отырды. Дұрыс дайындықтан басқа қалпына келтіру процесі маңызды. Мен үшін бұл аптасына 2 күн демалыс, спорттық массаж және аптасына бір рет моншаға түсу және теңдестірілген тамақтану»,- дейді марафоншы.

Марафоншы Виктор Мальчиковты еліміздің барлық қаласындағы жергілікті жүгіру командалары қолдады.

Марафон челленджі Нұр-Сұлтан қаласында аяқталды, оған 250-ге жуық адам қатысты. Сонымен бірге, еліміздің барлық өңірінде бір уақытта онлайн-жарыс өтті.

Соңғы жаңалықтар