17 ақпан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null
ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1949) қоғам қайраткері Владимир Сергеевич ШКОЛЬНИК дүниеге келді.

Ресейде туған. Мәскеу физика-математика институтын бітірген. Маңғыстау энергокомбинатының инженер-физигі, зертхана бастығының орынбасары, бас инженері, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің бас директоры. 1994-1996 жылдары - ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрі. 1996-1999 жылдары - ҚР Ғылым академиясының президенті және Ғылым министрі. 1999-2000 жылдары - ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрі. 2000-2007 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Энергетика және минералдық ресурстар министрі, ҚР Индустрия және сауда министрі. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдан Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі. 2009-2014 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасы. 2014 жылғы тамыздан 2016 жылғы наурыз айына дейін ҚР Энергетика министрі. Кейіннен ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

«Парасат», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасының Түрікменбашы қаласындағы консулы Мұхит Советұлы ОРАЗАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Ленинград кеңес сауда институтын, тауартанушы (1980), Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік институтын, заңгер (2000) тәмамдады.

Еңбек жолын Қазақстан тұтынушылар одағының шаруа тауарлары басқармасының тауартанушысы, Қазақстан тұтынушылар одағының өнеркәсіп тауарларын сату басқармасының аға тауартанушысы, жетекші тауартанушы болып бастады (1980-1985). 1985-1990 жылдары - Қазақстан тұтынушылар одағы сыртқы сауда басқармасындағы экспорт бөлімінің бастығы (Алматы қаласы). «Казкооппромснаб» әмбебап сауда базасы директорының орынбасары (1990-1991); Қазақстан тұтынушылар одағы «Казкоопвнешторг» бас директорының орынбасары, бас маман (1991-1992), «СКАР» сауда-өнеркәсіп концернінің бас директоры (1992-1993), 1993-1996 жылдары - «Дакка» фирмасының бас директоры (Алматы қаласы), 1996-1997 жылдары - Медеу ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Премьер-министрі кеңсесінде мемлекеттік қызмет, кадрлар және қадағалау бөлімінде сектор меңгерушісі, ұйымдастыру және қадағалау бөлімінде сектор меңгерушісі, ұйымдастыру, қадағалау және қауіпсіздік секторының меңгерушісі (1997-1999), ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет жүйесінде кадрлармен жұмыс департаментінде бөлім бастығы, ҚР СІМ-де жауапты қызметтер атқарған (1999-2000), ҚР Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі (2000-2002), ҚР СІМ аппараты кадрлар басқармасының бастығы, ҚР Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі (2000 жылдан бастап), ҚР-ның Астрахань қаласындағы (РФ) консулдығының консулы (2006-2009), ҚР-ның Ливия Ұлы Соцалистік Халықтық Араб Жамахириясындағы уақытша сенімді өкілі (2009 жылдан бастап), ҚР Елшілігінің Қырғыз Республикасындағы кеңесші-елшісі болып қызмет атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2014 жылдың қараша айынан бастап.

Соңғы жаңалықтар