164 млн теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған Түркия азаматы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 164 млн теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған Түркия азаматы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Beshel construction» ЖШС салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді. Компанияның басшысы мен құрылтайшысы Түркия азаматы.

«Салық тексерісінің нәтижесі бойынша 2015 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта кәсіпорын 164 млн теңгеден астам салықты төлемегені анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 сотының өкімімен Түркия азаматы Қылмыстық кодекстің 245-бабы 2-бөлімі 1-тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жылға ұйымдарда басқарушылық лауазымды иелену құқығынан айыра отырып 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Сотталушы негізгі жазаны өтегеннен кейін 5 жылға Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынып елден шығарылады.


Соңғы жаңалықтар