16 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 16 желтоқсан күні болатын маңызды шаралардың тізбегін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 17-00-де «Астана Опера» үлкен театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерт өтеді.

АЛМАТЫ

Esentai Square аймағында сағат 12-00-де Esentai Winter Fair жәрмеңкесі ашылады.

Сағат 16-00-де MOSKVA metropolitan сауда ойын-сауық орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне орай балалар үйі мен аз қамтылған отбасының балаларына қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өтеді.

Республика сарайында сағат 19-00-де Сарат Бисенғалиевтің жетекшілігіндегі Симфониялық оркестр өнер көрсетеді.

Сағат 20-00-де еліміздегі ең ауқымды жобаларының бірі «I am singer Kazakhstan» байқауының жеңімпазы анықталатын гранд-финал өтеді.

Соңғы жаңалықтар