+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

16 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 16 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
16 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 16 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні

1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Тәуелсіздік арқасында Қазақстан егемен ел ретінде өз бетінше ішкі-сыртқы саясатты жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Демократиялану жолындағы бағыт Қазақстанды егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде, қазақ халқы ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, өз бастамалары мен ерекшеліктерін жаңғырта алатындығын жария етуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, бұл күн 1986 жылы Алматыда болған Желтроқсан оқиғасын еске алу күні. Қазақ жастары ССРО басшылығының саясатына наразылық білдіріп, ұлттық мүдде мен құқықтың тапталуына қарсы шықты. Бұл - батырлық пен патриоттықтың нышаны болды. Осы оқиға Қазақстан халқының тәуелсіздікке ұмтылысын айқын көрсетіп, республика алдындағы ең биік мақсатты – егемен елдікке ұмтылысты көрсетті.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1991 жылы «ҚазАқпарат» (ҚазТАГ) әлемге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғанын хабарлады.

1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз резиденциясында ЕуроОдақ Комиссиясының Қазақстандағы тұрақты өкілі Роберт Кремердің сенім грамотасын қабылдады.

Елбасы Алматыда ЕуроОдақ өкілдігінің ашылуы Қазақстан мен Еуропа арасындағы экономикалық, саяси байланыстардың дамып, еуропалық серіктестермен сауда-саттық, іскерлік қатынастардың жолға қойылуына едәуір көмек көрсетеді деп атап өтті.

1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанаты болды.

1996 жылы Алматыда бесжұлдызды «Анкара» қонақ үйінің ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға Қазақстан мен Түркияның Президенттері қатысты.

1997 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі ұлы жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған құны 20 теңгелік металл естелік шақаларын айналымға шығарды.

2000 жылы Алматыда Абылай ханға ескерткіш ашылды. Ескерткіш авторы, мүсінші - Нұрлан Далбаев.

Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ елінің негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

2006 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында өткен ғасырдың қырқыншы жылдары жұмыс атқарған «Қазақ халқын құтқару ұйымы» («Союз спасения казахского народа») атты жастар ұйымын құрушылардың аты жазылған ескерткіш тақта ашылды. Қозғалыстың 14 белсенді жастарының аты жазылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында туыстары мен жақындары қатысты. Одақтың басқарушысы Ғұбайдолла Әнесов 1941 жылы желтоқсанда тұтқындалып, ату жазасына кесілген, қалған қатысушылары ұзақ мерзімге түрмеге қамалды. Жалпақтал көшелерінің біріне Ғ.Әнесовтің аты берілді.

2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында «Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасының ашылу салтанатына қатысты.

2014 жылы белгілі қазақстандық драматург және жазушы Дулат Исабеков Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды. Марапаттау салтанаты Лондон қаласындағы Британ Парламентінің ғимаратында өтті.

2016 жылы Қазақстанның тарихында алғаш рет Тәуелсіздік күнінде мемлекеттік туы Антарктиданың ең биік нүктесі - Винсон шыңына (4892 м) орнатылды. Полярлық экспедиция қатысушылары - белгілі альпинистер Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан, Винсон шыңына шықты. Винсон шыңы өзінің географиялық орналасуына байланысты «7 summits» альпинистік бағдарламасының күрделі биіктіктерінің бірі болып саналады.

2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астанада жаңа 25 қырлы монументті ашты.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі - болаттан өрілген қаңқаны табиғи тастан қашалған қаптамамен орау арқылы тұрғызылған көпбұрышты фигура. Оны салуға 1319 тас жұмсалды. Соның 1069-ы бірегей өлшемде жеке-жеке қашалып жасалды, ал 250-і типтік тастар болды. Тастардың жалпы салмағы - 94,5 тонна.

2017 жылы Шымкент қаласының «Арай» саябағында Медициналық қызметкерлер аллеясы ашылды. Аллея үш бөлімнен тұрады. Ондағы бірінші таста дәрігерлердің берген анттары ойып жазылған. Екінші тасқа 525 жыл бұрын 95 жасында қайтыс болған қазақ емшісі, халқына өшпес мұра қалдырған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мүсіні қойылды. Үшінші тас адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп қаза болған медициналық қызметкерлердің құрметіне қойылды.

2018 жылы Димаш Құдайберген Шанхайда The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестивалінде жыл әншісі атанды және Ұлы Жібек жолы елдерінің шешімі бойынша Жібек жолы мәдениетінің елшісі болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT