16 жастағы қазақстандық қыз семсерлесуден Азияның қола жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 16 жастағы Софья Николайчук шпагадан қола жүлде жеңіп алды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Айбике Хабибуллина аталған додада бас жүлдені қанжығасына байласа, Әйгерім Сарыбай күміс медальге қол жеткізген болатын.

Қазақстан қоржынында әзірге 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар.

Фото: www.olympic.kz

Соңғы жаңалықтар