16 жастағы бойжеткеннің ажалы ұялы телефоннан болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұртстанның Белебе қаласында 16 жасар бойжеткен жуынуға ұялы телефонын алып керіп, тоқ соғып жан тәсілім етті, деп жазады vesti.ru.

Қызы жуынуға кіріп кетіп, ұзақ уақыт шықпаған соң анасы есікті бұзып кірген. Онда қызының жансыз жатқанын көрген. Анасының айтуынша, қызының қолында қалта телефоны болған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, бойжеткенді тоқ соққан, делінген РФ Башқұртстан бойынша Тергеу комитетінің республикалық басқармасы таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар