+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

16 жасар Рудный тұрғыны көпқабатты үйге «бомба» қойылғанын хабарлаған

2020 жылғы 19 ақпан 14:49
Бөлісіңіз:
16 жасар Рудный тұрғыны көпқабатты үйге «бомба» қойылғанын хабарлаған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласында 2004 жылы туған оқушы үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкент қаласында індет жұқтырған төртінші науқас Нұр-Сұлтан қаласынан келген Оралда бос тұрған ғимарат өртенді Түркістан облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Рудный қаласының полиция бөліміне 30 жастағы ер адам хабарласып, үйіне жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

«Хабар түскен Октябрьге 40 жыл көшесіндегі үйге барлық мүдделі қызметтер жұмылдырылды. Құтқарушылар көпқабатты үйдегі 22 тұрғынды эвакуациялады. Барлық пәтер тексеріліп, жарылғыш зат табылмады. Іздеу шаралары барысында жалған ақпарат таратқан 2004 жылы туған оқушы ұсталды. Ол 30 жастағы ер адамға дауыс өзгерту бағдарламасы арқылы хабарласып, «бомба» қойылғанын айтқан», - деді ведомствоның баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 273 бабымен соталды тексеру шаралары басталды. Бұл бапта қылмыскерді 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ арнайы қызметтердің шығынын өтеу қарастырылған.

Полиция қызметкерлері мұндай фактілердің алдын алу үшін ата-аналардан балалармен профилактикалық әңгіме жүргізулерін сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT