16 жасар қызды өлтірген алматылық такси жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы такси паркінің жүргізушісі Виталий Атапин 16 жасар студент қыз Айсұлу Жамбарбекті өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы ақпаратты Алматы облыстық сотының арнайы мамандандырылған ауаданаралық сотында растады.

«В.Атапинді ҚР ҚК-нің 179-бабының 1-тармағы бойынша (адам өлтіру, қарақшылық шабуыл) айыпты деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарамын. Ол жазасын қатаң режімдегі колонияда өтесін», - деді судья Асқарбек Бейімбетов.

Сондай-ақ судья сотталушыны қаза болған қыздың жақындарына 1,5 млн. теңге көлемінде моральдық, 2,4 млн. көлемінде материалдық шығынды өтеуге шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, Айсұлу Жамбарбек өткен жылы 28 желтоқсанда колледжден қайтып келе жатып жоғалып кеткен болатын. Бойжеткеннің денесі 3 қаңтарда Алматы қаласының сыртынан табылды. Куәгерлер соңғы рет қызды таксиге отырған жерінен көрген. Аталған істе күдікті ретінде такси жүргізушісі Виталий Атапин ұсталған болатын. Сот кезінде айыпталушы қызды 35 мың теңгесі мен телефоны үшін буындырып өлтіргенін мойындады.

Соңғы жаңалықтар