16 тамызда Қазақстанның солтүстік бөлігінде бұршақ жаууы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Екпінді жел соғып, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстік-батысы мен шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының  кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жекелеген аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысында күн қатты ысиды деп күтілуде.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар