16 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 16 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, оқу жылына дайындық барысы талқыланады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда электр энергиясына тарифтерді белгілеу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов; ҚР Ұлттық экономика министрлігі ТМРК төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев; «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Талғат Темірханов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ветеринария жүйесін реформалау туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Жомартұлы Құрманов; ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Шәкенұлы Жақыпбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.00-де Барыс Аренада хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» XII Халықаралық турнирі ашылады.





Фото: depositphotos.com



Соңғы жаңалықтар