16 тамыз. Тұлғалар туған күн
2022 жылғы 16 тамыз 08:10

16 тамыз. Тұлғалар туған күн

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбайұлы НҰРЛЫБАЙ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Еңбек жолы: мемлекеттік органдар құрылымында, атап айтсақ ҚР сыртқы экономикалық байланыс министрлігінде, ҚР өнеркәсіп және сауда министрлігінде, ҚР Парламенті істері басқармасында және коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген (1991-1998), ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілдендіруі комитетінде әртүрлі қызметтер атқарған (1998-2004), Астана тұрғын үй департаментінің директоры, білім және ғылым министрінің кеңесшісі, әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директоры, ҚР білім және ғылым министрлігі аппаратының жетекшісі, аппарат басшысы, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі (2004-2009), ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары (2009-2017), ҚР энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, орынбасары (2017-2018), ҚР энергетика министрінің кеңесшісі (2018), ҚР энергетика вице-министрі (2018-2019). Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы (2019-2020).

Қазіргі қызметін атқаруға 2020 жылдың қазанында кірісті.

49 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасынлағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жанна Сәбитқызы САРТБАЕВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған (1995). Еңбек жолы: Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, атташе (1997-2001), ҚР СІМ екі жақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы (2001-2002), ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің екінші хатшысы (2002-2003), ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің бірінші хатшысы (2003-2005), ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі (2005-2006), ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2006-2007), ҚР Парламенті Сенатының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2012), ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2012-2013), ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі (2013-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдан.

45 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Мәлікұлы БАЙМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін қаржы және кредит мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, құқықтану, Nazarbayev University, Executive Master of Business Administration дәрежесімен тәмамдаған.

Еңбек жолы: ҚР ҰБ бухгалтерлік есеп департаменті Бухгалтерлік есеп әдіснамасы басқармасының жетекші экономисі (1998-2003), қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары, ҚР ҰБ Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасының бастығы (2003-2007), Бөлшек бизнес, операциялық мәселелер және «Қазақстан Халық банкі» АҚ АТ-жобаларын енгізу саласында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді (2007-2011), ҚР ҰБ төрағасының кеңесшісі, төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің, Монетарлық операциялар департаментінің директоры, ҚР Ұлттық қорының алтын-валюта активтері мен активтерін басқаруға және ҚР ҰБ ақша-кредит саясатын іске асыруға жауапты болған (2011-2017), «Қазақстан қор биржасы» АҚ Биржалық кеңесінің (Директорлар кеңесінің) мүшесі (2011-2014), «ҚР ҰБ қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы (05.2019-12.2019), «ҚР ҰБ Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы, (2017-2019).

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың желтоқсанынан.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «ҚР ҰБ еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

44 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Қалдыбекұлы ЭЛИМАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, құқықтану (1999). Еңбек жолы: Қарағанды қаласы прокуратурасының Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы, Қарағанды қаласы прокуратурасының Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімі прокуроры (2000), Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі (2000-2001), Қарағанды облысы прокуратурасының шаруашылық істері бойынша Сот қаулыларының және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау тобының прокуроры (2001), Қарағанды облысы прокуратурасының азаматтық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (2001-2002), Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры (2002-2003), Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры (2003-2004), Астана қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы (2004-2005), Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының, Астана қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдары қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары (2004-2007), Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі (2007-2009), ҚР Әділет министрінің кеңесшісі (2009), ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары (2009-2012), ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ақпараттық-талдау департаментінің бастығы (2012), ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы (2012-2014), ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры (2014-2017), ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті бастығының орынбасары – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, қоғамдық мүдделерді қорғау департаменті бастығының орынбасары – ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау департаменті Экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы (үшінші қызмет), қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары – ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы( 2017), ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы (2017-2019), Қарағанды облысы прокурорының орынбасары (2019), ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары (2019-2020). Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы (2020-2021).

Қазіргі қызметінде - 2021 жылдың қаңтарынан бастап.

41 жыл бұрын (1981) Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген, ағылшын тілін білетін халықаралық қатынастар жөніндегі маман (2002), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономика (2006).

Еңбек жолы: Алматы қаласы ақпараттық-талдау орталығы бөлімінің басшысы, сарапшы (2003-2005), «Әлемдік экономика және саясат институты» ҚҚ сарапшысы (2005-2010), «Алматы ӘКК» АҚ Инвестициялар жөніндегі департаментінің директоры (2010-2012), бастық орынбасарының міндетін атқарушы (2012-2013), Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары (2013-2015), Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы (2015-2017), Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары (2017-2019). Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы (2019-2022).

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың мамыр айынан бастап.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT