16 тамыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 79 жыл бұрын (1939) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері  Қайрат ИСАҒАЛИЕВ дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген. Мектеп-интернатта француз тілінің оқытушысы, Ембі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1969-1971 жылдары - Алжирдегі кеңестік мамандар тобының аудармашысы. 1971-1976 жылдары - Қазақ шетелдік мемлекеттермен достық және мәдени байланыс қоғамының бөлім меңгерушісі. 1976-1979 жылдары - Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің бөлім меңгерушісі. 1979-1981 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы. 1981-1985 жылдары - «Интурист» сыртқы экономикалық акционерлік қоғамының бөлімше бастығы. 1985-1988 жылдары - Алматы облыстық кәсіподақ кеңесінің нұсқаушысы. 1990-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Автомобиль жолдары министрлігінің бас маманы. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы, министрліктің кеңесшісі. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы істерінің уақытша сенімді өкілі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртық істер министрінің кеңесшісі. 2004 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы болып істейді.

null 58 жыл бұрын (1960) Павлодар облысының Қашыр ауданының әкімі Жанат Рашитұлы ШҰҒАЕВ дүниеге келді.

Павлодр облысында туған. 1983 жылы Целиноград (қазіргі Астана) ауылшаруашылық институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.








null 54 жыл бұрын (1964) «Мир» мемлекетаралық телерадио компаниясының

Қазақ ұлттық филиалының директоры  Асқар Әнуарбекұлы ӘЛІМЖАНОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жастардың әлеуметтік бағдарламалары қорының тілшісі, аудармашысы, жауапты хатшысы, «Ленинская смена» газетінің тілшісі қызметтерін атқарған. 1991-1992 жылдары - «Азия-пресс» ақпарат агенттігінің редакторы, «Таң» телеарнасы ақпараттық бөлімінің меңгерушісі. 1992-1996 жылдары - «Акбар» халықаралық журналистика орталығының ректоры, вице-президенті. 1996-1997 жылдары - «Хабар» агенттігі жаңалықтар қызметінің аға, бас редакторы. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 2000-2002 жылдары - Орта Азиялық жүйелі зерттеулер қорының бөлім бастығы. 2002-2004 жылдары - «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының кеңесшісі, даму жөніндегі директоры, бас директоры. 2004-2005 жылдары - «Перспектива» саяси консультация беру қорының бас директоры. 2005-2006 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының баспасөз хатшысы - хатшылық меңгерушісінің орынбасары, «Қазақстан» телерадио корпорациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2006-2007 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, бас продюсері. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі. Қазіргі қызметінде 2009 жылдың қаңтарынан бастап істейді.

null 42 жыл бұрын (1976) Қазақстант Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық қатынастар және қоғаммен байланыс департаментінің директоры -  Айдар Қалымтайұлы ҚАЗЫБАЕВ дүниеге келді.

Астана қаласында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша (1997) бітірді; Қазақ  гуманитарлық-заң университетінде құқықтану бакалавры дәрежесін алды (2008).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі тауар нарығын талдау бөлімінің жетекші маманы (1998-1999); Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрлігінің  сауда жөніндегі басқармасының бас маманы (1999-2000); Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлігі интеграциялар бөлімінің басшысы (2000); Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлігі сауда қызметін реттеу басқармасы басшысының орынбасары (2000-2001); Қазақстан Республикасы экономика және сауда министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаменті басқармасының басшысы (2001-2002); Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі сауда саясаты және ДСҰ-ға кіру жөніндегі департамент директорының орынбасары (2002-2003); Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі жиынтық талдау және сараптамалық бақылау департаментінің директоры (2003-2004); Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрі аппаратының басшысы (2004); Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі шағын бизнесті қолдау комитетінің төрағасы (2004-2005); «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлікті дамыту орталығы директоры (2005-2006); «Казмортрансфлот» ҰТСК» АҚ сыртқы байланыстар департаментінің директоры (2006-2007); ҚР индустрия және сауда министрлігі сауда қызметін реттеу комитеті төрағасының орынбасары (2007); Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі (2010 жылдан бастап Экономикалық даму және сауда министрлігі) сауда комитетінің төрағасы (2007-2013).

2014 жылдан бері қазіргі қызметінде.

null 98 жыл бұрын (1920-1976) әскери ұшқыш, авиация генерал-лейтенанты, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген әскери ұшқышы БЕДА Леонид Игнатьевич дүниеге келді.
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында туған. Орал мұғалімдер институтын, Жоғары ұшу-тактикалық мектебін, Әскери әуе күштері академиясын және Бас штаб әскери академиясын бітірген. 1941 жылы В.Чкалов атындағы 1-інші әскери авиация училищесін жылдам ұшатын бомбалаушы ұшақ ұшқышы мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, «Ил-2» шабуыл ұшағына мамандану үшін училищеде қалдырылады. 1942 жылғы тамыздың 16-ында Сталинград майданының 226-шабуылдық авиадивизиясының 505-шабуылдық авиаполкі құрамында соғысқа араласады. Осы шайқас кезіндегі ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады. Донбасты, Таврияны азат етуге, Қырымдағы Сапун тауы мен Херсонес мүйісіндегі ұрыстарға қатысады. Соғыстың соңына таман Балтық жағалауы елдерін азат етуге, Шығыс Пруссия қамалдары мен Кенисгберг қалаларын шабуылдауға қатысады. Ол 214 рет жауынгерлік тапсырма алған. Оның 154-інде ұшақтарға өзі жетекшілік еткен. Соғыстан соң әскери қызметін одан әрі жалғастырып, Беларусь әскери округінің авиация қолбасшысы дәрежесіне дейін көтерілді. Көптеген орден, медальдармен марапатталған.


null 60 жыл 
бұрын (1958) америкалық әнші, әндер авторы, продюсер, актриса, режиссер және сценарист МАДОННА (толық аты-жөні - Мадонна Луиза Вероника Чикконе) дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар