+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

16 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 16 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
16 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 16 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1989 жылы Шығыс Қазақстан облысының (бұрынғы Семей облысы) Қарауыл ауылында «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының белсенділері ұйымдастырған наразылық шарасы өтті. Онда Қазақ ССР Жоғары Кеңесі мен АҚШ Конгресіне ядролық сынақтарға тыйым салу туралы үндеу мәтіні оқылды.

1993 жылы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Бас Ассамблеясының ресми құжаттары ретінде Б.Н. Ельцин мен Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен шақырылған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан басшыларының 7 тамызда Мәскеуде өткен кездесуі кезінде қол қойылған Тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды қалпына келтіру бойынша шаралар жөнінде мәлімдеме мен Шекараға қол сұқпаушылық жөнінде декларацияның таратылғаны туралы БАҚ-та хабарлама жарияланды.

1999 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамы Бүкіләлемдік пошта одағының EMS кооперативіне қабылданды.

2006 жылы Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің басшылары Кеден одағын құру келісіміне қол қойды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағының аясында жалпы алғанда 92 құжатқа қол қою керек екенін атап өтті.

2010 жылы Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық (қазіргі Түркістан облысы) мұражайында ұлы композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған экспозиция ашылды.

2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогика институты тарих факультетінің студенттері ұстаздарымен бірге Әулиекөлдегі (Екібастұз) қазба жұмыстарын жүргізіп, орта ғасырға тән қолөнер бұйымдарын, Шығыс Еуропа және Қытайда соғылған күміс, мыс монеталарды тауып алды.

2012 жылы Бішкек қаласындағы «Манас» кинотеатрында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Мәдениет күндерінің аясында қазақ киносының апталығы ашылды.

Шара дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 20 жылдығына орайластырылған.

2013 жылы Серік Сәпиев Қазақстанның «Дене шынықтыру және спорттың дамуына қосқан үлесі үшін» мемлекеттік наградасын иеленді.

2013 жылы Ақтөбеде ұлы қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай оның атымен аталған көшеде орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2013 жылы Габала қаласында (Әзербайжан) түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің ІІІ саммиті басталды. Саммит жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

2014 жылы Алматыда алғаш рет «Кiтапфест» кітап фестивалі өтті. Қазақстандық ақын-жазушылар - Ә.Нұрпейісов, Д.Қадіржанов, З.Наурызбаева, Павел Банников шара қонақтары болды.

2017 жылы Астанада орналасқан ҚР Ұлттық музейінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

2017 жылы Қытайдың Сычуань провинциясындағы Наньчун қаласында өткен ХVII Батыс Қытай математика олимпиадасының жабылу салтанаты болды. Оған Қазақстан, Индонезия, Қытай, Сингапур және Филиппиннен 345 жас математик қатысты. Қазақстан құрамасының намысын төрт дарынды оқушы қорғап, 4 алтын медальмен оралды.

2018 жылы Астанада көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов атындағы көшенің ресми ашылу салтанаты болды. Даңғыл көшеге ұлы суреткер есімінің берілуі бауырлас халықтардың мызғымас достығының, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы берік ынтымақтастықтың символы болды.

Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы қазақ жерімен тығыз байланысты. Жазушының: «Шетелге өзіммен бірге ала жүретін екі ұлттық мақтанышым бар. Біреуі – «Манас», екіншісі – Мұхтар Әуезовтің кітабы», - деуі де тегін емес.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT