16 шілдеде елордада аптап ыстық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 шілдеде күндіз елордада күннің қатты ысуы ықтимал. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Күннің ысуы кезіндегі ең қауіпті қатер - дене температурасының қалыптан жоғары қызып кетуі.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті ұзақ уақыт күннің астында тұрмауға, ашық түсті киімдер мен міндетті түрде бас киім киюге кеңес береді. Көбірек су ішкен абзал. Күндіз сағат таңғы 11-ге дейін және кешкі 17.00-ден кейін қыздырынған неғұрлым қауіпсіз. Күннен қорғайтын крем қолдану қажет. Судан шығар кезде толықтай сүртінуді ұмытпаңыздар, ішімдікті асыра пайдаланбаған жөн. Төтенше жағдай орын алған бойда «112» нөміріне хабарласу қажет.


Соңғы жаңалықтар