16 шілдеде ел аумағында өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 шілде күні еліміздің өңірлерінде өтетін ең маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де елордадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және ҚР Сәулетшілер одағының ұйымдастыруымен Сәулетшілердің халықаралық конгресінің ашылу рәсімі өтеді.

Ал сағат 11.00-де «Sputnik Қазақстан» баспасөз орталығында «Физикалық және менталды ауытқуы бар балаларды әлеуметтендіру. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін дамытушы орталық және театр құрған екі астаналықтың бірегей тәжірибесі» тақырында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 14.20-де Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік сарайының баспасөз орталығынжа «Қалалық орта: ақылды аудан» инновациялық байқауының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты болады.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның табиғи туристік нысандарына экспедиция» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Ал кешкі сағат 18.00-де «Нұрлы жол» вокзалынан мектеп оқушылары туған өлкелерін зерттеуге аттанады. «Туған елге саяхат» жобасына қатысушы 200 оқушы Қазақстанның түкпір-түкпіріне саяхат жасайды.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Адам құқығы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның баспасөз орталығында «Сайрагүл Сауытбайдың депортациялануы үмкіншілігі және оның төңірегіндегі жайттар»  тақырыбында баспасөз мәслихаты болады.

15-00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызментінде «Алматының жер қорына сараптама және оның нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты болады. Мәслихат барысында Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов барлық сауалға жауап береді.

Соңғы жаңалықтар