Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

16 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 16 шілде 08:08 710
Бөлісіңіз:
16 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 16 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


111 жыл бұрын (1908-1985) ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Александр Иванович БАРАЕВ дүниеге келді.

Санкт-Петербургта туған. Куйбышев (қазіргі Самара) ауыл шаруашылық институтын бітірген. 1950-1953 жылдары Орал астық сұрыптау стансасының директоры, 1953-1957 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) директоры болды. 1985 жылы 8 қыркүйекте Целиноград қаласында қайтыс болды. Бараев егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі - топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты. Ол ауыспалы егіс танабында таза сүдігер жерді қолдануды, дәнді дақылдар егісін қысқа мерзімде аяқтауды ұсынды, өнімділігі аз шалғындар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту, көлдетіп суарылатын жерлерді мейлінше тиімді пайдалану, сортаң жерлерді игеру жүйелерін жасап, өндіріске енгізді. Оның ұйымдастыруымен Қазақ ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында топырақ баптайтын және тұқым себетін машиналардың жаңа түрлері (сыдыра жыртатын құралдар, аңызға тұқым себетін сеялкалар, ине тісті тырмалар) сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізді. 1972 жылы Лениндік сыйлықтың лауреаты. 2 мәрте Ленин орденімен, Октябрь революциясы, Құрмет белгісі және Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.



55 жыл бұрын (1964) «KEGOC» қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы» АҚ басқармасы төрағасы Бақытжан Төлеуқажыұлы ҚАЖИЕВ дүниеге келді.

Талдықорған облысында туған.

1986 жылы Алматы энергетика институтын электр желілері мен жүйелері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Қазэлектрқұрылыс» ТСО Покровский ҚМУ -электрмонтаждаушы, электр жеткізу желілерінің құрылысы жөніндегі шебері, өндіріске даярлау тобының бастығы, бас инженер. 1993-2000 жылдары - «Аманат» АҚ бас инженері. 2000-2003 жылдары - «KEGOC» АҚ пайдалануды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, ЭЖЖ пайдалану бөлімінің бастығы, Пайдалану департаменті директорының орынбасары. 2003-2004 жылдары - «KEGOC» АҚ Пайдалану департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары - «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының директоры. 2007-2008 жылдары - Күрделі құрылыс департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары - «KEGOC» АҚ Атқарушы директоры. 2009 - 2011 жылдары - «KEGOC» АҚ вице-президенті. 2011 жылғы мамырдан бастап «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.



52 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Виктор Валерьевич ТЕМІРБАЕВ дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. 1986-1988 жылдары мерзімді әскери қызметтен өтті. 1993 жылы Мәскеу электрондық машина құрылысы институтын радиоинженер-конструктор мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы.

1993 жылдан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істейді. 1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, Мемлекеттік протокол басқармасының атташесі. 1994-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы. 1999-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Халықаралық қауіпсіздік және қарулануды бақылау басқармасының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы. 2006-2007 жылдары Алматыдағы АӨСШК Хатшылығының Саяси бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының өкілі. 2007-2009 жылдары «Қазына» АҚ-ның Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының орынбасары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның Корпоративтік даму департаментінің директоры. 2010-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі.

2018 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2019 жылғы ақпаннан Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT