16 шілде күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 шілде күні болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» коронавирустық инфекцияның қазіргі эпидемиологиялық жағдайы туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтангазиев.

АЛМАТЫ

11.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының аумағында орналасқан тау бөктеріндегі ормандардағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы онлайн-брифинг өтеді. Спикерлер: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Байгелов Арман; Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, орманды молықтыру және ландшафты орналастыру бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Сыздықов.

16.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде қазіргі эпидемиологиялық ахуал және COVID-19 ауруы бар адамдарға арналған онлайн-брифинг өтеді. Спикерлер: Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров; Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы - қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.


Соңғы жаңалықтар