+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

16 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 16 шілде 07:00
Бөлісіңіз:
16 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 16 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1996 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қорының VIII бабына қосылды. Ол бойынша қордың келісімінсіз халықаралық операциялар бойынша төлемдер мен аударымдарға шектеу қоюға тыйым салынды.

1999 жылы Боливияның астанасы Ла-Пас қаласында ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Федерико Майор Астана қаласына «Қалалар бейбітшілік үшін» халықаралық конкурсы жеңімпазының медалі мен сертификатын табыс етті. Осы күннен бастап Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.

2001 жылы Еуразия ұлттық университетінде «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы құрылды.

2005 жылы Ақтөбедегі Абай атындағы гүлзарда «Темірқазық» символдық белгісінің ашылу рәсімі болып өтті.

Темірқазық жұлдызы ерте кезде жолаушыларға, қазақ даласымен жүрген керуендерге жол көрсететін белгі болған. Жаңа «Темірқазықта» жаһанның төрт бұрышы, Ақтөбенің географиялық мәліметтері, қаланың әлемнің ірі қалаларымен ара қашықтығы көрсетілген.

2010 жылы Алматыдағы сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы аясында ЕҚЫҰ төрағасы, Мемлекеттік хатшы - Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнермен кездесті. Кездесуде Назарбаев-Саркози Қазақстан-Франция комиссиясын құру туралы хаттамаға қол қойылды.

2011 жылы Астана уақыты бойынша 05.16-да «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық «KazSat-2» байланыс және хабар тарату серігі сәтті ұшырылды.

2012 жылы Павлодар облысы Арбиген ауылынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан Шалдайда діни қайраткер Ғабдұлуахит Хазірет (1853-1926) мавзолейі ашылды.

2012 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген агрономы, Петропавл қаласының құрметті азаматы, Ботаникалық бақтың директоры Равиль Рязапов «Үздік тұлғалар» халықаралық энциклопедиясына кірді.

2013 жылы Запастағы және резервтегі офицерлер ұйымы Халықаралық консультативтік комитетінің үшінші отырысының ашылу рәсімінде ұйымның басшысы Александр Каньшин ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев наградталған №1 «Рыцарлық үшін» орденін табыстады.

«Рыцарлық үшін» орденімен ардагерлер ұйымдарына елеулі көңіл бөліп, ардагерлік қозғалыстарына сүбелі үлес қосқан, қарулы күштерге, ардагерлерге және әскери қызметшілердің отбасына, балаларына қамқорлық ететін мемлекет басшылары марапатталады.

2014 жылы көрнекті жазушы, қазақ тіліндегі тұңғыш романның авторы Жүсіпбек Аймауытовтың (1889-1930) жерленген жері белгілі болды. Павлодар облысы әкімдігінің сауалына Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Орталық мұрағатынан жауап келді. Онда Ж. Аймауытов Ваганьков зиратында (Мәскеу) жерленгені жайында айтылған.

Мәскеуге Аймауытовтың туыстары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері барып, жазушының басына тағзым етіп, Құран оқытып қайтты.

2014 жылы Алматыда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында Қазақстандағы алғашқы тау-велосипед спортының кәсіпқой трассасы ашылды.

2016 жылы Таиландта «Amazing Thailand Film Challenge» IV халықаралық кинофестиваль өтті. Оған қазақстандық кинематографшылар да қатысты. Конкурстың шарты бойынша, қатысушылар 4 күн ішінде қысқа метражды фильм түсіріп, оны бір күннің ішінде монтаждауға тиіс. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Диас Құлмақов пен Шерхан Таңсықбаевтың түсірген «Хат» фильмі үздік деп танылды.

2017 жылы Германияда жүзуден өткен ашық чемпионатта атыраулық спортшы-паралимпиадашы Ержан Сәлімгереев екі алтын медаль жеңіп алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT