16 сәуірде ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігі мен батысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, тек солтүстік-батыста ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күн күркіреп,найзағай ойнауы ықтимал, тұман, бұршақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз көктайғақ, жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақмола, Павлодар, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел тұрып, жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар