+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

16 сәуір. Туған күн иелері

2019 жылғы 16 сәуір 08:08
Бөлісіңіз:
16 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


69 жыл
бұрын (1950) Қазақстан туристік қауымдастығының президенті Роза Әбдіхамитқызы АСАНБАЕВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Политехникалық институттың экономикалық факультетін бітірген. АҚШ-та Халықаралық менеджмент, қонақ үй бизнесі бойынша дайындық курстарынан өткен.

Еңбек жолы: Денсаулық сақтау министрлігінде қызмет еткен. 1998 жылдан бастап Қазақстандағы қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығын басқарған.



null 68 жыл
бұрын (1951) Қазақстан Республикасының банк омбудсмені Ерсерік Дәменұлы СИЫРБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1974 жылы Омбы теміржол көлігі институтын «электр механигі» мамандығымен, 1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолын 1968 жылы Шар станциясында депо фрезершісі ретінде бастаған. 1974 жылы «Казжелдорпроект» институтының инженері, 1975-1988 жылдары КСРО Мемлекеттік банкі Қазақ республикалық конторында инженер, бөлім меңгерушісі болған. 1988-2011 жылдары «Қазақстанның халық жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2011-2012 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, 2012-2013 жылдары екінші деңгейлі бірқатар банктерде басшылық қызметтер атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2013 жылдың шілдесінен.


60 жыл
бұрын (1959) танымал әнші, композитор, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Әбдіұлы ОМАРОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Мәдени-ағарту институтын бітірген. Шымкент облыстық филармониясында «Ауылым - әнім» ансамблінің әншісі, Қазақ телевизиясының музыкалық редакторы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан Астана қаласында Президент оркестрінде және филармонияда қызмет еткен. Ол «Наурыз» шығармашылық қорын, «Балаларды дамыту» қорын ашқан. 2000 жылы Лос-Анджелес қаласындағы FIDOF Әлемдік композиторлар қауымдастығының мүшесі болып қабылданды. Әншінің орындауында «Анашым», «Әке арманы», «Қыз сыны», «Сыңарым», «Әнші балапан», «Қоштасқым келмейді», «Арман қала - Астана», «Мекке-Мәдине», «Наурыз», т.б. әндері бар.

Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Республикалық «Жігер-87», Халықаралық «Ыстықкөл-89», «Бұқара-90» фестивальдерінің, Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық байқаудың, «Азия дауысы-95», «Алтын диск-97» (Ыстанбұл), Франциядағы «Достық әндері» фестивальдерінің, «Каир-2003» (Мысыр) халықаралық байқауының лауреаты



45 жыл
бұрын (1974) Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қуандықұлы ҚЫДЫРӘЛІ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992) және Түркияның Мармара (1992-1996), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998), Ыстанбұл (1998-2001) университеттерінде білім алған. Ыстанбұл университетінде докторлық диссертация қорғап, «философия докторы» ғылыми дәрежесін иеленген (2001). Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған (2010).

2001-2005 жылдары - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер. 2005-2006 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі. 2009-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары. 2012-2014 жылдары - Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті. 2015 жылғы маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады. 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде "Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі" атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде "2030 Жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия" атты халықаралық симпозиумды ұйымдастырды.

2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT