16 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Парламент Сенатының отырысы басталады.

10.00-де «Назарбаев Университеті» ДББҰ мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ынтымақтастық ниеті туралы мәлімдемеге қол қояды.

11.00-де Астана қаласы кәсіпкерлер палатасында Астана қаласы білім басқармасы басшылығының қатысуымен Білім және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі салалық палатаның отырысы өтеді.

19.00-де Astana Opera театрында «Үрлемелі және соқпалы аспаптар думаны» атты концерт ұсынылады.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қызыл алма» лирикалық комедиясы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гаухартас» музыкалық драмасы сахналанады.

19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залында «ЕНТ тапсырмаймын» драмасы көрсетіледі.

19.00-де Жастар сарайында «Жігер» эстрада-джаз ансамблі концерт қояды.


Соңғы жаңалықтар