16 миллионнан астам Өзбекстан азаматы коронавирусқа қарсы екпе алды

Фото: None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан 16,1 млн адам өтті. Бұл елдегі ересек тұрғындардың 75,3%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19-ға қарсы екпе кампаниясының 16 айында 62,3 млн доза вакцина қолданылған. 16,1 миллиннан астам өзбекстандық вакцинацияның толық курсынан өтті, олардың 14,2 миллионы вакцинаның бустерлік дозасын алды. Бұл халық арасында COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал етті.

«Бүгінде Өзбекстанда вакциналанатын халықтың 96,9 %-ы бірінші дозаны салдырса, 75,3 %-ы вакцинацияның толық курсымен қамтылды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствода атап өткендей, өңірлер бөлінісінде Самарқан, Ферғана, Ташкент және Әндіжан облыстары көш бастап тұр, онда вакцинаның 7 миллионнан астам дозасы пайдаланылған.

Бұған дейін Өзбекстанда егу науқаны өткен жылдың 1 сәуірінде басталғаны хабарланған болатын. Вакцинация AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna, Pfizer және Sinovac препараттарымен жүзеге асырылады. Республикада 2021 жылғы 3 тамызда жұмыс істейтін халықты міндетті вакциналаудың құқықтық негізін бекітетін заң қабылданды.


Соңғы жаңалықтар