16 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 16 маусым күні елорда мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де Hilton Astana қонақүйінде Astana Mining & Metallurgy-АММ 2022 халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі өтеді.

15.00-де Қазақстанда балабақшалардың лицензиясын қайтару мәселесі бойынша дөңгелек үстел отырысы өтеді.

15.00-де Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша онлайн конференция өткізеді. Пайдаланушылардың сұрағына Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов жауап береді. Онлайн-конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/2476

18.00-де «Керуен сити» сауда,ойын-сауық орталығында Ерекше балалардың ата-аналары қоғамдастығы «Freedom» инклюзивті топтамасы мен «Ерекше бақыт» кітабын таныстырады.

19.00-де Назарбаев орталығында «АЛТЫН ГЕФЕСТ» салалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтеді.

19.00-де Жастар театрында мистерия жанрындағы «Каин» қойылымы көрсетіледі.

19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында «ШАҢЫРАҚ» музыкалық қойылымы өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де «COVID-тен тыс – Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» Орталық Азия елдерінің Тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммит өтеді. Саммитті Қазақстан Үкіметі Еуропалық одақ пен Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен әріптестікте ұйымдастырды.

10.00-де Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Орталық Азиядағы миссионерлік қызмет: Тарих және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

19.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Сырымды саған айтамын» монологы қойылады.

19.00-де М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Сүйікті менің періштем» комедиясы көрсетіледі.

19.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Махаббат, қызық мол жылдар» драмасы ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар