+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

16 маусым. Туған күн иелері

2021 жылғы 16 маусым 08:08
Бөлісіңіз:
16 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 16 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
16 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі 15 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1936) ҚР Минералдық ресурстар академиясының мүшесі, Қазақстандағы геологиялық барлау саласының негізін қалаушы ғалым Орал Ақшолақұлы АҚШОЛАҚОВ дүниеге келді.

Туған жері Гурьев қаласы. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын тәмамдаған. Геолог, геология-минерология ғылымдарының кандидаты, ҚР жер қойнауын барлау ісінің үздігі, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы.

1958 жылдан бастап еңбек жолын мұнай және геология мекемелерінде бастаған. 1985 жылдан Батыс Қазақстан ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясының бастығы. 1988 жылдан Алматы геофизика экспедициясының бас геологы, «Қазгеофизика» ӨГБ геология бөлімінің бастығы. 1992 жылдан ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы. 1994 жылдан «Қазмемжерқойнау» минералдық ресурстар бас басқармасы бастығының орынбасары. 1998 жылдан «Степной леопард» бірлескен кәсіпорнының бас директоры. 2001 жылдан «Кен-экономикалық консалтинг» ЖШС бас маманы. 2003 жылдан «Центрконсалтинг» ЖШС директоры. 2004 жылдан «АқАй Консалтинг» ЖШС бас директорының орынбасары.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

59 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Талғат Ғабдоллаұлы ҚАЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін және Мәскеу қаласындағы СССР Ғылым академиясының аспирантурасын бітіріп, тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.

1992 - 1993 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосында, атап айтқанда Еуропа және Америка департаментінің директоры, Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Түркия, Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттеріндегі елшіліктерінде жұмыс істеді. Румынияда Уақытты сенімді өкіл болды. Оңтүстік Африка Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі (2014-2019), ҚР Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси талдау және болжау департаментінің директоры (2019-2020) қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың ақпанынан.

52 жыл бұрын (1969) VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Қайнар Бегалыұлы АБАСОВ дүниеге келді.

Түркістан облысында туған. Қазақ политехникалыұ институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1993-1997 жылдары – жеке кәсіпкер; 1997-1999 жылдары – «Қазақ мақта компаниясы» ЖШС директоры; 1999-2002 жылдары – «Қазақ мақта компаниясы» ЖАҚ вице-президенті; 2002-2006 жылдары – «Road-Text LTD» ЖШС бас директоры; 20016-2021 жылдары – «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС бас директоры.

2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.

2018 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

47 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Нығматоллаұлы АШЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы. 2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаменті Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті. 1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаменті Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы. 2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. 2009-2011 жылдары – Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары. 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2013-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары.

2021 жылдың сәуірінен бастап қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1977) VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Данияр Кенғазыұлы ӘЛІМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолы: «Ремстройтехника» ААҚ заңгер-консультанты (1998-1999); Алматы қаласының, Жетісу ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, бастығы (1999-2003); «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғаларының қауымдастық нысанындағы бірлестігінің атқару директорының аппарат басшысы (2003); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі (2003-2004); Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚР Президенті Кеңсесінің бас сарапшысы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы кадр саясаты бөлімінің бас сарапшысы, кадр жұмысы бөлімінің бас сарапшысы, кадр саясаты бөлімінің бас консультанты (2004-2008); «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ кадр қызметі бастығының орынбасары (2008-2012); Алматы облысы әкімінің аппараты заң, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі (2012-2015); Алматы облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары (2015-2018); Алматы облысы әкімінің көмекшісі (2018); «Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы (2018-2020).

2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақсан Конституциясына 25 жыл» және «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

43 жыл бұрын (1978) Алматы қаласының прокуроры Берік Қуанышбекұлы ЖҮЙРІКТАЕВ дүниеге келді.

Прокуратурада 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі лауазымда, соның ішінде, Алматы қаласы және Алматы облысы прокуратурасында жетекші лауазымдарда қызмет еткен. 2010-2013 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың ақпанынан.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

40 жыл бұрын (1981) «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Ернұр Көшерханұлы БУРАХАН дүниеге келген.

Еңбек жолын телевизия саласынан бастаған. 2001-2008 жылдары телеарнада редактор, бас редактор болды. 2007-2011 жылдары «Qazaqstan» Ұлттық арнасының елордадағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында комментатор, редактор, шеф-редактор қызметін атқарды.

2011 жылдан бастап әр жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы, бас инспектор, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті. 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2015-2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары болды. 2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.

2019 жылдың 25 қарашасынан «Қазақ радиолары» серіктестігінің Бас директоры қызметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT