+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

16 маусым. Туған күн иелері

2019 жылғы 16 маусым 08:08
Бөлісіңіз:
16 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР



83 жыл
бұрын (1936) ҚР Минералдық ресурстар академиясының мүшесі, Қазақстандағы геологиялық барлау саласының негізін қалаушы ғалым Орал Ақшолақұлы АҚШОЛАҚОВ дүниеге келді.

Туған жері Гурьев қаласы. И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын тәмамдаған. Геолог, геология-минерология ғылымдарының кандидаты, ҚР жер қойнауын барлау ісінің үздігі, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы.
1958 жылдан бастап еңбек жолын мұнай және геология мекемелерінде бастаған. 1985 жылдан Батыс Қазақстан ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясының бастығы. 1988 жылдан Алматы геофизика экспедициясының бас геологы, «Қазгеофизика» ӨГБ геология бөлімінің бастығы. 1992 жылдан ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы. 1994 жылдан - «Қазмемжерқойнау» минералдық ресурстар бас басқармасы бастығының орынбасары. 1998 жылдан - «Степной леопард» бірлескен кәсіпорнының бас директоры. 2001 жылдан «Кен-экономикалық консалтинг» ЖШС бас маманы. 2003 жылдан - «Центрконсалтинг» ЖШС директоры. 2004 жылдан «АқАй Консалтинг» ЖШС бас директорының орынбасары. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.


null 83 жыл
бұрын (1936-1997) әнші, Қазақстанның халық әртісі Мәдениет Сейітжанұлы ЕШЕКЕЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында туған. Семей облыстық концерт-эстрадалық бюросында, «Қазақконцертте» өнер көрсетіп, 1975 жылдан өмірінің соңына дейін Семей облыстық филармониясының әншісі болды. Ол дәстүрлі халық әндерін өз ерекшелігімен аса шебер орындаушы, Жүсіпбек Елебековтің алғашқы шәкірттерінің бірі. Оның репертуарында қазақ халық әндерімен бірге Біржан салдың, Ақан серінің, Абайдың, Жаяу Мұсаның, Балуан Шолақтың, басқа да халық композиторларының әндері кеңінен орын алған. Әсіресе, Мәдениет Ешекеевтің өзіне ғана тән әншілік мәнерін айқын танытатын, оның ерекше нақыш-бояумен орындайтын әндері қатарына Кенен Әзірбаевтың «Бозторғай», Әсеттің «Інжу-Маржан», Балуан Шолақтың «Ғалия», Манарбек Ержановтың «Паровоз», Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ», халық әндері «Сұржекей» мен «Аққұм» жатады. Оның орындауындағы бірқатар әндер Қазақ радиосының алтын қорына жазылып алынған.


57 жыл
бұрын (1962) Оңтүстік Африка Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Талғат Ғабдоллаұлы ҚАЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін және Мәскеу қаласындағы СССР Ғылым академиясының аспирантурасын бітіріп, тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.

1992 - 1993 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосында, атап айтқанда Еуропа және Америка департаментінің директоры, Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Түркия, Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттеріндегі елшіліктерінде жұмыс істеді. Румынияда Уақытты сенімді өкіл болды.

Қазіргі қызметінде - 2014 жылдың ақпанынан.


45 жыл
бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Нығматоллаұлы АШЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы. 2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаменті Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаменті Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы. 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. 2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2013 жылғы желтоқсаннан қазіргі қызметінде.


41 жыл
бұрын (1978) Алматы қаласының прокуроры Берік Қуанышбекұлы ЖҮЙРІКТАЕВ дүниеге келді.

Прокуратурада 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі лауазымда, соның ішінде, Алматы қаласы және Алматы облысы прокуратурасында жетекші лауазымдарда қызмет еткен.

2010-2013 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың ақпанынан.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.


33 жыл
бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Есенұлы ОСПАНОВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. 2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Информатика» мамандығы бойынша, 2015 жылы - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Жасыл ел» республикалық жастар еңбек жасақтарының штабы» ЖМ штаб басшысының орынбасарынан бастаған. Мемлекеттік қызметке келмес бұрын 2006-2011 жылдар аралығында «IT Research Center», «Arta Software», «Digital life style», «Корпоративтік шешімдер» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да түрлі лауазымдарда еңбек етті.

2011-2015 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті аға инженерінен бастап, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде Департамент директорының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Комитет төрағасының орынбасары, ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігінде Департамент директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

2015- 2017 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы меңгерушісі, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2017 жылдан 2019 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

2019 жылғы сәуірден - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT