+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

16 маусым күнгі ауа райы болжамы

2021 жылғы 16 маусым 01:10
Бөлісіңіз:
16 маусым күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 маусым күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ күтіледі. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жекелеген өңірде екпінді жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батыс жағалауында түнде және күндіз тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
3 тамыздағы күн райына жасалған болжам 42 градусқа дейін ыстық, өрт қаупі: 12 өңірде ескерту жарияланды 43 градус аптап: Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз таулы аудандарында дауыл, бұршақ болжанады.

Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен бірге көтеріліп, күші 15-23 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында сондай-ақ дауыл тұрады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Сонымен қатар Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында, Жамбыл Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT