+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

16 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 16 маусым 07:00
Бөлісіңіз:
16 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 16 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні

Медицина саласының қызметкерлері жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл күнді мерекелеу1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген. Бұл күні сондай-ақ Армения, Беларусь, Молдова, Ресей, Украинада да дәрігерлерді құттықтау игі дәстүрге айналған.

Халықаралық отбасылық ақша аударымы күні

БҰҰ халықаралық атаулы күндер жүйесіне енгізілген. Негізгі мақсаты -отбасын асырап, шетелде жұмыс істеп жүрген мигранттардың экономиканы дамытуға қосатын үлесін ескеру.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1907 жылы тарихы терең қоғамдық-саяси басылым - «Солтүстік Қазақстан» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының делегациясын қабылдады. Келіссөздер барысында Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігін ашу туралы уағдаластық жасалды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты құрылды. Аталған институтқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылық етеді.

2000 жылы Астанаға «Қалалар - бейбітшілік үшін» ЮНЕСКО сыйлығының сертификаты табыс етілді.

2011 жылы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Назарбаев Университетінің Жоғары қамқорлық кеңесі өтті.

2011 жылы Ұлттық медициналық холдинг Назарбаев университетінің құрамына кірді.

2011 жылы Беларусь ұлттық кітапханасында беларусь тілінде шыққан қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Кең дала» атты кітабы таныстырылды.

Абай өлеңдерін беларусь тіліне аударған автор - БР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Полымя» журналының бас редакторы Микола Метлицкий.

2011 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында алғаш рет жаппай қырып-жою қаруы қолданылған Бельгияның Ипр қаласында ядролық сынақ құрбандарына арналған қазақстандық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2016 жылы аты аңызға айналған «Л» сериялы паровоз Сарыөзек стансасының вокзал маңы алаңына орнатылды. Паровоз белгілі конструктор Лев Лебедянскийдің басшылығымен Коломенск зауытында екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында шығарылды. Өткен ғасырдың ортасында «Лебедянка» бұрынғы Одақтың темір жолдарында жиі пайдаланылған. Алматы-Сарыөзек-Үштөбе учаскесінде 50-ге жуық паровоз жүріп-тұрған.

2017 жылы ҚР ұлттық музейінде «Бейбарыс сұлтан және оның дәуірі» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге Бейбарыс сұлтанның өмірі мен ел билеу тарихын баяндайтын Ислам өнері музейі (Каир қ., Мысыр) жинағынан 22 жәдігер қойылды.

2017 жылы «Польша поштасы» АҚ «Астана EXPO 2017 халықаралық көрмесі» сериялы пошта маркасын айналымға шығарды.

2017 жылы Астанада Халықаралық түркі академиясы белгілі түрколог, көне және заманауи түркі тілдерінің зерттеушісі Эмир Наджиптің «XIV ғасырдағы түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы сөздігі» атты көптомдық еңбегін таныстырды. Ол Құтбтың «Хұсрау мен Шырын» шығармасының негізінде жазылған. Аталмыш еңбек - әлемдік түркология үшін маңызы зор алғашқы толық басылым.

2017 жылы ТМД-да алғаш рет Павлодарда үш күндік «мейкатон» марафоны өтті. Онда өнертапқыштар мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне қажетті құрылғыларды ойлап табумен және оны құрастырумен айналысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

-Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT