16 мамырда ҰҚШҰ жиыны өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 мамыр күні Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жиыны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Жиын Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және ҰҚШҰ құрылуына 20 жыл толуына арналып өтеді. Оған ұйымға мүше елдердің басшылары қатысады деп жоспарланған.

2022 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения Республикасы төрағалық етуде.

Айта кетсек, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚТ) 1992 жылғы 15 мамырда Ташкентте қол қойылды. 2002 жылғы 14 мамырда Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Мәскеуде өткен сессиясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тетіктері мен құрылымдарын халықаралық аймақтық ұйым – «Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға» өзгерту, оған тиісті мәртебе беру туралы шешім қабылдады. 2003 жылғы 18 қыркүйекте ҰҚШҰ Жарғысы өз күшіне енді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан кіреді.


Соңғы жаңалықтар