16 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2022 жылғы 15 мамыр 20:42

16 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 16 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» онлайн брифинг өткізеді. Спикер: Асқар Мұхаметқалиев – ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Суға шомылу маусымы. Азаматтардың қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Күлше қыз» музыкалық ертегісі көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Ғашық жүрек» поэтикалық-муызкалық қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Номад Сити Холл сахнасында «Менің әйелім өтірікші» комедиясының тұсаукесері өтеді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT