Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46

16 мамыр. Туған күн иелері

2019 жылғы 16 мамыр 08:08
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


16 мамыр. Туған күн иелері 84 жыл
бұрын (1935-2019) ақын Оразақын Асқарұлы АСҚАР дүниеге келді.
Батыс Түркістан өлкесіне қарасты Іле аймағында туған. Үрімжі қаласындағы Ұлттар институтын, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1955 жылы атамекені Қазақстанға түбегейлі қоныс аударды. Шекарадан өлең толы қолжазба дәптерлерін ала келген Оразақын бірден Алматыдағы Жазушылар одағына келіп, ақындар Хамит Ерғалиев, Ғафу Қайырбеков, Жаппар Өмірбековтерге жолығады. Олар жас ақынның өлеңдерін ұнатып, сол кезде баспаға дайындалып жатқан жас ақындардың «Қос жүрек» атты жинағына бір топ өлеңдерін дереу енгізеді. 1961 жылы араб әрпін білуіне байланысты арнайы сұраныспен Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасады. 1964-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, Поэзия секциясында орынбасар болып қызмет атқарады. 1970-1984 жылдары Кітап палатасында бөлім меңгеруші, одан 1995 жылға дейін «Жалын» баспасында поэзия бөлімінің аға редакторы болды.

«Қорықтар әлеміне саяхат» деп аталатын топтама өлеңдері 1983 жылы Қазақстан табиғат қорғау қоғамының бәйгесіне ие болды. «Туған жердің картасы» деген дастаны 1974 жылы балалар мен жастарға арналған «Жалын» баспасының жабық конкурсында жүлдеге ие болды. «Тұңғыш», «Мейірім», «Белжайлау», «Балқарағай», «Өркеш», «Орбұлақ», «Күнгей», «Тәуелсіздік тартулары» атты жинақтары жарық көрді. Ол қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады. Бұл еңбегі 1994 жылы Мәдениет министрлігі мен Ғылым академиясы, Әдебиет институты бірігіп жариялаған ауыз әдебиетін жинаушыларға арналған бәйгеде бірінші орынды жеңіп алды.


16 мамыр. Туған күн иелері 83 жыл
бұрын (1936-1998) балалар жазушысы Мұхамеджан ЕТЕКБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында туған. Балалар жазушысы. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1960). 1956-1960 жылдары «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақстан пионері» («Ұлан») газеттерінде, Қазақ телевидениесінің балалар редакциясында әдеби қызметкер, тілші болып қызмет істеді. 1966 жылдан Жамбыл мұражайының директоры болды. Жазушы қаламынан балалар мен жасөспірімдерге арналған жиырмаға тарта кітап жарық көрді. Солардың ішінен «Алтын мүйізді киік» (1961), «Қисық бұтақ» (1963), «Қызыл ала автобус» (1964), «Болатбек» (1966), «Жапалақ туралы ертегі» (1967), «Алатау ертегісі» (1968), «Жамбылдың музей үйі» (1968), «Айтолқын» (1970), «Қара жартас хикаясы», «Жомарт жаз»(1971), «Сұлу шоқы» (1979), «Бала қыран» (1983), «Таутекелі биігі» (1984) секілді туындылары жас ұрпақтың игілігіне айналды.

  


16 мамыр. Туған күн иелері70 жыл
бұрын (1949) Қазақстан халқы Ассамблеясынан VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Карпович БОЖКО дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын, Минск қаласындағы СССР Мемлкеттік қауіпсіздік комитеті Жоғары курсын бітірген. 1976-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, 2-ші басқарма бөлімшесінің бастығы, 3-ші басқарма бастығы. 1989-1991 жылдары - Қазақ ССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Целиноград облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Көкшетау, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша басқармасының бастығы. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас экономикалық қауіпсіздік басқармасының бастығы. 1999-2001 жылдары - «Jetson Trading LTD» фирмасының вице-президенті және Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры. 2001-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасары. 2007-2014 жылдары - ҚР төтенше жағдайлар министрі. 2014-2016 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылғы наурыз айынан бері.


16 мамыр. Туған күн иелері 70 жыл
бұрын (1949) қазақстандық театр және кино режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Игорь Марксович ГОНОПОЛЬСКИЙ дүниеге келді.

Ол Қызылордада туған. 1971 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетін тәмамдаған. 1978 жылы Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтының режиссерлік факультетін бітірген. Көптеген деректі фильмдердің режиссері.






16 мамыр. Туған күн иелері60 жыл
бұрын (1959) Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі, Андорра Князьдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Дүнежүзілік туристік ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі міндетін қоса атқарушы Константин Васильевич ЖИГАЛОВ дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Презденті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Корольдігіндегі және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы міндетін қоса атқарушы. 2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары - Еуроодақпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР ұлттық үйлестірушісі. 2012-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдан бері.

2-ші дәрежелі «Достық» орденімен және шетел ордендерімен, медальдармен марапатталған.


16 мамыр. Туған күн иелері47 жыл
бұрын (1972) Павлодар облысының прокуроры Қайрат Әліханұлы ӘБДІХАНОВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін заңгер мамандығымен бітірген.

Еңбек жолы: Талғар ауданы прокурорының көмекшісі, Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры, Түріксіб ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алмалы ауданы прокурорының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы бас прокуроры бірінші орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Республикасы бас прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуроры,  Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау облысы прокурорының орынбасары, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары (2010-2012); Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (2012-2017); Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары (2017-2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, І дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен марапатталған.

Бөлісіңіз:
MURAǴAT