Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64

16 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 16 мамыр 07:00
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2019 жылғы 16 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық бейбіт қатар өмір сүру күні

2017 жылдың 8 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 16 мамырды Халықаралық бейбіт қатар өмір сүру күні деп бекітті. Оның мақсаты - халықаралық қоғамдастықтың бейбітшілік, төзімділік, бірлік, өзара түсіністік пен Жер халқының ынтымағын нығайтуға бағытталған күш-жігерін үнемі мобилизациялау.

Биографтар күні

Биография сөзінің өзі екі ежелгі грек сөздерінен шыққан, ол «өмір» және «жазамын» деген мағынаны білдіреді. Биографтардың талмай жасаған еңбектерінің арқасында қазіргі таңда ұлы адамдардың өткен өмірі туралы, олардың сол дәуірдегі дәстүрлері мен  әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат аламыз.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1907 жылы Әбілқайыр ханның ұрпағы, ІІ Мемлекеттік думаның Орал облысынан сайланған депутаты Бақытжан Қаратаев Мемлекеттік думада сөйлеген өткір сөзінде аграрлық және ұлттық мәселелерді қозғап, Қазақстан жеріне орыс және украин крестьяндарын көшіру жөніндегі Столыпин жоспарларының халыққа қарсы екенін ашық айтып, әшкереледі.

2000 жылы академик Өмірбек Жолдасбеков (1931-1999) тұрған Астана қаласындағы Абай көшесі 1/1 үйге ескерткіш тақта орнатылды. Ө.Жолдасбеков - көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының және халықаралық сыйлықтардың лауреаты, бірнеше рет Парламент депутаты болған. Қазақстан жоғары техникалық оқу орындарының бағдарламасы мен оқыту жүйесін жасаушылардың бірі.

2007 жылы Алматыдағы Көктөбеде британдық белгілі «Битлз» тобына ескерткіш орнатылды.

2011 жылы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев халықаралық ауқымда әзербайжан мәдениетін насихаттауға қосқан үлесі үшін Олжас Сүлейменовті «Достлуг» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

2012 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап шығарылған 10 000 теңгелік қазақстандық естелік банкнотасы Халықаралық банкноталар бірлестігі (IBNS) өткізген байқау қорытындылары бойынша «2011 жылдың үздік банкнотасы» атанды.

2013 жылы Алматыда ШЫҰ Университетінің бірінші түлектеріне дипломдар табысталды.

2013 жылы Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Сент-Китс және Невистің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері Бірлескен коммюникеге қол қойып, екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2013 жылы қазақстандық альпинист Аггей Скопин экстремалды спорт түрлері фестивалінде Эльбрус тауына жүгіріп шығудан алтын медаль еншіледі. Еуропаның ең биік шыңын ол 2 сағат 52 минт 42 секундта бағындырды.

Жылына екі рет ұйымдастырылатын ерекше жарысқа әлемнің 12 елінен альпинистер қатысты.

2014 жылы Алматыда КСРО-ның Халық әртісі, аты аңызға айналған дирижер әрі орындаушы Нұрғиса Тілендиевтің 90 жылдығының қарсаңында оның 19 жыл тұрған пәтер-мұражайы ашылды.

2015 жылы Астанада деректі материалдар негізінде түсірілген «Құнанбай» тарихи көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Фильмде Абайдың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлының тағдыры бейнеленген.

2017 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанындағы «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Орталық мемлекеттiк кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан Бауыржан Момышұлы туралы жаңа бейне және дыбыс жазбаларын тапты.

2017 жылы Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали Азия чемпионы атанды. «Қайсар» спорт клубының тәрбиеленушісі жапондық Окинава аралында каратэ-додан ересектер мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына қатысты. 17 жастағы атыраулық Әбілмансұр Батырғали 68 кг дейінгі салмақ дәрежесінде және «юниорлар» жас санатында сынға түсті. Спортшы 4 кездесу өткізіп, Шри-Ланка, Өзбекстан, Таиланд және ирандық қарсыластарынан басып түсіп, Азия чемпионы атанды.

2018 жылы eGov.kz порталында жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтар үшін жаңа қызмет түрі пайда болды.

2018 жылы Астанадағы Оқушылар сарайында табиғи апаттар, өрт, төтенше жағдайлар кезінде ерлік көрсеткен мектеп оқушыларына «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгілері табыс етілді.

2018 жылы Қазақстанда Гейдар Алиев туралы «Еліне жол ашқан» кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Оның алғы сөзін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазды. 

 

 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT