16 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2- тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - деп жазылған Өкім мәтінінде.


Соңғы жаңалықтар