16 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 16 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы «Қазақстан Республикасы халқының климаттың өзгеруінен хабардар болуы» атты әлеуметтік сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.

10.00-да ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталады.

10.00-де «Қазақстан халқына» ұлттық қайырымдылықтың І конференциясының қорытынды отырысы өтеді.

11.00-де «Down Town» бизнес орталығында «ӘДІЛ САЙЛАУ 2022» Жас заңгерлер мен тәуелсіз байқаушылар альянсының ашылуы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Дауыс» әңгімелер антологиялық жинағының таныстырылымы өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясындағы тур туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова; Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Тимур Урманчеев; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Халық қазынасы» бөлімінің солисі, қобызшы Раушан Оразбаева; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Классикалық өнер» бөлімінің басшысы Азамат Жылтыркөзов; Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Эстрадалық өнер» бөлімінің солисі Әлібек Әлмадиев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында МӘМС енгізу және медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жоспарлары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова; «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Ашуев; «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджан; Денсаулық сақтау экономикасының сарапшысы, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Әли Нұрғожаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Кенесары ханның туғанына 220 жыл толуына орай «Семсер жүзіндегі серт» атты роман-трилогияның таныстырылымы өтеді.

16.00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында және Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді.

16.00-де «Москва» бизнес орталығында аты аңызға айналған рок-музыкант Виктор Цойдың өмірі мен шығармашылығына арналған және оның 60 жылдығына арналған көрме ашылады.

19.30-да «Барыс-Арена» алаңында «Барыс» және «Авангард» хоккей клубтары матч өткізеді.

19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында Күләш Байсейітованың 110 жылдығына арналған «Бұлбұл» концерті өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Театр әлемі» концерт-қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Жастар театрында «Жібек» мюзиклі қойылады.

19.00-де Номад Сити Холл сахналасында «ІІІ Ричард» реквиемі көрсетіледі.






Фото: pixel-shot.com


Соңғы жаңалықтар