16 қыркүйекте елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 қыркүйек күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

08.30 -да № 53 мектеп-лицейде «Еріктілер жылына» орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» КММ және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Jas sarbaz – Meiirimdilik biriktiredi» онлайн күзгі әскери-патриоттық ойындары өтеді.

16-21 қыркүйек аралығында ҚР Энергетика министрлігі «Тасымалдаушы компаниялар және «Жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» ИАЖ арасындағы интеграциялық өзара әрекеттесулерді іске асыру туралы» тақырыбында интернет конференция өткізеді.

10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Отырыс Мәжілістің сайтында онлайн режимінде көрсетіледі.

11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Жылыту маусымына дайындық» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook -тегі парақшасының тікелей эфирінде өтеді.

14:00-де Еуразия ұлттық университеті «Қашықтықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Шара 16-17 қыркүйек аралығында өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де «Болат Өтемұратов қорының 2020 жылы жүзеге асырған жобалары және Алматы ботаникалық бағының қайта жаңартудан кейінгі жұмысының нәтижелері туралы» тақырыбында баспасөзге арналған іс-шара болады. Шара Ботаникалық бақтың оңтүстік павильонында (әл-Фараби даңғылы жағынан, ҚазМУ қалашығы қақпасынан батысқа қарай кіреберісі) өтеді.

15: 00-де Алматы қаласында StopMusor экологиялық акциясы аясында қолданылған полиэтилен пакеттерден жасалған арт объектінің тұсаукесері өтеді.


АҚТӨБЕ

16:00-де «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Antikor ortalygy» сервистік ғимаратында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында жергілікті және шетелдік инвесторлармен кәсіпкерлермен кездесу өтеді.


ҚАРАҒАНДЫ

08:00-де «Ақ жол» партиясының Қарағанды облыстық филиалы әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар...» атты экспедициясын ұйымдастырады. Шара 16-19 қыркүйек аралығында өтеді. Кездесу орны: Қарағанды қаласы, «Шалқыма» концерт залы.


Соңғы жаңалықтар