+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

16 қыркүйек. Туған күн иелері

2020 жылғы 16 қыркүйек 08:10
Бөлісіңіз:
16 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады

ЕСІМДЕР

72 жыл бұрын (1948) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшесі Талғатбек Жәмшитұлы АБАЙДІЛДИН дүниеге келді.

Ақмола облысының Есіл қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетін (1974) математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша; Қазақ менеджмент, экономика және болжамдау институтын (1993) саясаттанушы, жоғары және орта оқу орындарында әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.

1980 жылдан - Алматы қаласының үгіт-насихат және ұйымдастыру бөлімдерінде істеді. 1988-1989 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК үгіт және насихат бөлімінде нұсқаушы, идеологиялық бөлімінің саяси ұйымдастырушысы. 1991 жылдың қаңтар айынан - ҚазКСР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің Діни ұйымдармен байланыстар жөніндегі референтурасының референті, аға референті. 1993 жылдың сәуір айынан - ҚР Президенті жанындағы Бас бақылау инспекциясының мемлекеттік инспекторы. 1993 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі. 1995 жылдың сәуір айынан ҚР Президенті Аппаратының ұйымдастыру-бақылау басқармасында мемлекеттік инспектор. 1995 жылдың желтоқсан айынан ҚР Президентінің Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 1997 жылдың наурыз айынан Көкшетау облысы әкімінің орынбасары. 1997 жылдың мамыр айынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2001 жылдан бастап ШҚО әкімінің бірінші орынбасары. 2003 жылдың ақпан айынан – ШҚО әкімі. 2004 жылдың желтоқсан айынан - ҚР Президентінің кеңесшісі. 2005 жылдың наурыз айынан - ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі. 2005 жылдың қараша - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, 2007 жылы - Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің хатшысы.

«Құрмет» орденімен (2006); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002)», «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004), «Қазақстан 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Ауған Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің әкетілгеніне 15 жыл» медальдарымен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1974) марапатталған.

71 жыл бұрын (1949) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет мүшесі Қабиболла Қабенұлы ЖАҚЫПОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (1972) тәмамдаған, инженер-құрылысшы; Алматы жоғары партия мектебін (1989) бітірген, саясаттанушы; Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Экология академиясының академигі.

Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.

1981 жылдан - Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1983 жылдан - Орал қалалық Халық депутаттары Кеңесінің Өнеркәсіп аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Орал қалалық Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1989 жылдан - Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы.

1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып, осы өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында жемісті еңбек етті.

2001 жылы - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Сенатындағы өкілі. 2007 жылдан - «Нұр Отан» ХДП-ның тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2012-2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

«Парасат» (2009) және «Құрмет» (1999) ордендерімен, бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сондай-ақ ұлтаралық келісімге сіңірген қызметіне орай Ресей Федерациясының ІІ дәрежелі «Даниил Әулие» ордені берілген. Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы. Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы.

47 жыл бұрын (1973) қазақстандық танымал велошабандоз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Тур де Франс» әлемдік веложарысының қола жүлдегері, әлем чемпионы, Испаниядағы «Вуэльта» көпкүндігінің жеңімпазы Александр Николаевич ВИНОКУРОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Ол кәсіби веложарыспен айналысуды 1997 жылы «Казино» командасы құрамында бастады. Оның алғашқы жетістіктерінің бірі 1998-1999 жылдардағы «Дюнкерк төрт күні» және «Dauphiné Libéré» көпкүндік жарыстағы жеңісі болды. Бұл жетістіктері спортшының 2000 жылы күшті және әйгілі «Deutsche Telekom» (2004 жылдан «T-Mobile») велотобына енуіне әсер етті. 2006 жылы Винокуров Испания командасының капитаны ретінде «Тур де Франц» көпкүндігіне қатысты. 2006 жылдан қазірге дейін ҚР «Астана» командасының құрамында. Командалық жарыста Азия ойындарының чемионы (1994), Топтық жарыста олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (2000), «Париж-Ницца» көпкүндік веложарысының жеңімпазы (2002-2003), «Тур де Франс» кезеңдерінің (2002-2003), «Amstel Gold Race» Әлем кубогы кезеңінің (2003), «Швейцария турының» (2003), беделді біркүндік «Льеж-Бостон-Льеж» веложарысының (2005,2010) жеңімпазы, жекелей жарыста әлем чемпионатының қола жүлдегері (2004, 2006). «Тур Байери» көпкүндік жарысына қатысушы (2005) - 2-орын, «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының қола жүлдегері (2003, 5-орын - 2005), «Тур Германии» (2003) - 3-орын, көпкүндік веложарыстарының қола жүлдегері. Алтантадағы (1996), Сиднейдегі (2000) - 2-орын, Афинадағы (2004) - 5-орын, Олипиадалық ойындарға қатысушы. ҚР ұлттық чемпионатының көптеген дүркін жеңімпазы. Азия чемпионатының жеке және топтық жарыстарындағы жеңімпаз, күміс жүлдегер (2009), Vuelta a Espana веложарысының басты есебінде жеңімпаз (2006), «Льеж-Бостон-Льеж» командалық бір күндік жарысында жеңімпаз (2010), «Тур дель Третино»жарысының жеңімпазы (2010!), «Тур де Франс» 13-кезеңінің жеңімпазы (2010). 2013 жылдан бері. «Astana Pro Team» командасының бас менеджері.

«Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT