+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

16 қыркүйек. Туған күн иелері

2019 жылғы 16 қыркүйек 08:08
Бөлісіңіз:
16 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады

ЕСІМДЕР


70 жыл бұрын (1949) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қабиболла Қабенұлы ЖАҚЫПОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (1972) тәмамдаған, инженер-құрылысшы; Алматы жоғары партия мектебін (1989) бітірген, саясаттанушы; Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Экология академиясының академигі.

Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыс тану ғылымдары академиясының академигі. Қосалқы авторлықпен құрылыс материалдары жөніндегі үш кітабы жарық көрді.

1972 жылдан бастап №8 «Оралауылқұрылыс» тресінде жұмыс өндірушісі, бас инженер, ПМК-811-дің бастығы қызметтерін атқарды. 1977-81 жылдары «Оралколхозқұрылыс» тресінде бас инженер болып еңбек етті. 1981 жылдан - Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1983 жылдан - Орал қалалық Халық депутаттары Кеңесінің Өнеркәсіп аудандық атқару комитетінің төрағасы.

1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Орал қалалық Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1989 жылдан - Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы.

1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін (8 жыл бойы) Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып, осы өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында жемісті еңбек етті.

2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Сенатындағы өкілі. 2007 жылдан - «Нұр Отан» ХДП-ның тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2012-2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

2016 жылғы наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Парасат» (2009) және «Құрмет» (1999) ордендерімен, бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сондай-ақ ұлтаралық келісімге сіңірген қызметіне орай Ресей Федерациясының ІІ дәрежелі «Даниил Әулие» ордені берілген. Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы. Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы.


48 жыл бұрын (1941) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Айзат Балтағұлқызы МОЛДАҒАСЫМОВА дүниеге келді.

1995 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын және 1999 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты тәмамдаған. Мамандығы –гигиенашы және заңгер.

Еңбек жолы: 01.01.1995 жылдан бастап 06.06.191 жылға дейін Алматы қаласының Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы Советский ауданының ОКГ санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық дәрігері; 07.01.2002 – 23.03.2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жекешелендіруді және мемлекеттік емес секторлы лицензиялау басқармасының бас маманы; 2004 жылдың наурызынан 2005 жылдың шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы; 2005 жылғы шілдеден 2006 жылғы маусымға дейін - Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы; 2007 жылғы ақпаннан 2008 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті директорының орынбасары;

2008 жылғы тамыздан 2009 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық және кадр жұмысы, құрылыс, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік құпиялар департаментінің директоры; Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменті директорының орынбасары (03.2009-02.2012); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің директоры (2012-2013); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары (2013-2014 жж.); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің проректоры (2014-2016 жж.); Алматы қаласындағы «Электроремонт» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі директор орынбасары (03.2016 - 08.2017).

2017 жылғы тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.


46 жыл бұрын (1973) қазақстандық танымал велошабандоз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Тур де Франс» әлемдік веложарысының қола жүлдегері, әлем чемпионы, Испаниядағы «Вуэльта» көпкүндігінің жеңімпазы Александр Николаевич ВИНОКУРОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Ол кәсіби веложарыспен айналысуды 1997 жылы «Казино» командасы құрамында бастады. Оның алғашқы жетістіктерінің бірі 1998-1999 жылдардағы «Дюнкерк төрт күні» және «Dauphiné Libéré» көпкүндік жарыстағы жеңісі болды. Бұл жетістіктері спортшының 2000 жылы күшті және әйгілі «Deutsche Telekom» (2004 жылдан «T-Mobile») велотобына енуіне әсер етті. 2006 жылы Винокуров Испания командасының капитаны ретінде «Тур де Франц» көпкүндігіне қатысты. 2006 жылдан қазірге дейін ҚР «Астана» командасының құрамында. Командалық жарыста Азия ойындарының чемионы (1994), Топтық жарыста олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (2000), «Париж-Ницца» көпкүндік веложарысының жеңімпазы (2002-2003), «Тур де Франс» кезеңдерінің (2002-2003), «Amstel Gold Race» Әлем кубогы кезеңінің (2003), «Швейцария турының» (2003), беделді біркүндік «Льеж-Бостон-Льеж» веложарысының (2005,2010) жеңімпазы, жекелей жарыста әлем чемпионатының қола жүлдегері (2004, 2006). «Тур Байери» көпкүндік жарысына қатысушы (2005) - 2-орын, «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының қола жүлдегері (2003, 5-орын - 2005), «Тур Германии» (2003) - 3-орын, көпкүндік веложарыстарының қола жүлдегері. Алтантадағы (1996), Сиднейдегі (2000) - 2-орын, Афинадағы (2004) - 5-орын, Олипиадалық ойындарға қатысушы. ҚР ұлттық чемпионатының көптеген дүркін жеңімпазы. Азия чемпионатының жеке және топтық жарыстарындағы жеңімпаз, күміс жүлдегер (2009), Vuelta a Espana веложарысының басты есебінде жеңімпаз (2006), «Льеж-Бостон-Льеж» командалық бір күндік жарысында жеңімпаз (2010), «Тур дель Третино»жарысының жеңімпазы (2010!), «Тур де Франс» 13-кезеңінің жеңімпазы (2010). 2013 жылдан бері. «Astana Pro Team» командасының бас менеджері.

«Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

- Біржанқызы Сабина

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT