16 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады


null
ЕСІМДЕР


92 жыл
 бұрын (1926-2000) домбырашы, күйші Елемес ТАЛАСБАЙҰЛЫ дүниеге келді.

Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Атасы Еспембет, әкесі Таласбай аймағына әйгілі күйшілер болған. Домбыраны 7 жасында әкесінен үйренген. Оның өз жанынан шығарған туындысы - «Арман-ай» күйі. Сталиндік асыра сілтеу кезінде ол ата-анасымен бірге Қытай жеріне қоныс аударады.

Оның «Шер тарқатар», «Атамекен», «Күйшақыртқы», «Кеңес», т.б. күйлері бар. 1996 жылы Қазақстанға оралған. 1998 жылы Қазақ радиосының, 2000 жылы Қазақстан 1 телеарнасының алтын қорына күйшінің орындауындағы 25 күй жазып алынды. Сондай-ақ, оның орындауындағы 10 күй 1998 жылы жарық көрген «Жетісу күйлері» жинағына енген.


70 жыл бұрын (1948) Қазақстанның саяси қайраткері Талғатбек Жәмшитұлы АБАЙДІЛДИН дүниеге келді.

Ақмола облысының Есіл қаласында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақтың менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітірген. Математик, саясаттанушы, әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы. Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып қызмет істеген.

Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болды. «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің мүшесі. Қытай Халық Республикасы Халық өкілдерінің Бүкілқытайлық Жиналысы, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі мен АҚШ Конгресімен ынтымақтастық тобының мүшесі.

«Құрмет» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен және бес медальмен марапатталған.


69 жыл 
бұрын (1949) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Қабиболла Қабенұлы ЖАҚЫПОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (1972) тәмамдаған, инженер-құрылысшы; Алматы жоғары партия мектебін (1989) бітірген, саясаттанушы;  Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық Экология академиясының академигі.

Қазақстан Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыс тану ғылымдары академиясының академигі. Қосалқы авторлықпен құрылыс материалдары жөніндегі үш кітабы жарық көрді.

1972 жылдан бастап №8 «Оралауылқұрылыс» тресінде жұмыс өндірушісі, бас инженер, ПМК-811-дің бастығы қызметтерін атқарды. 1977-81 жылдары «Оралколхозқұрылыс» тресінде бас инженер болып еңбек етті. 1981 жылдан - Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1983 жылдан - Орал қалалық Халық депутаттары Кеңесінің Өнеркәсіп аудандық атқару комитетінің төрағасы.

1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Орал қалалық Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1989 жылдан - Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы.

1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін (8 жыл бойы) Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып, осы өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында жемісті еңбек етті.

2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Сенатындағы өкілі. 2007 жылдан - «Нұр Отан» ХДП-ның тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 2012-2016 жылдары - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. 2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

2016 жылғы наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Парасат» (2009) және «Құрмет» (1999) ордендерімен, бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған. Сондай-ақ ұлтаралық келісімге сіңірген қызметіне орай Ресей Федерациясының ІІ дәрежелі «Даниил Әулие» ордені берілген. Қазақстан Республикасының Құрметті теміржолшысы. Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы.

45 жыл бұрын (1973) қазақстандық танымал велошабандоз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Тур де Франс» әлемдік веложарысының қола жүлдегері, әлем чемпионы, Испаниядағы «Вуэльта» көпкүндігінің жеңімпазы ВИНОКУРОВ Александр Николаевич дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Ол кәсіби веложарыспен айналысуды 1997 жылы «Казино» командасы құрамында бастады.  Оның алғашқы жетістіктерінің бірі 1998-1999 жылдардағы «Дюнкерк төрт күні» және «Dauphiné Libéré» көпкүндік жарыстағы жеңісі болды. Бұл жетістіктері спортшының 2000 жылы күшті және әйгілі «Deutsche Telekom» (2004 жылдан «T-Mobile») велотобына енуіне әсер етті. 2006 жылы Винокуров Испания командасының капитаны ретінде «Тур де Франц» көпкүндігіне қатысты. 2006 жылдан қазірге дейін ҚР «Астана» командасының құрамында. Командалық жарыста Азия ойындарының чемионы (1994), Топтық жарыста олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (2000), «Париж-Ницца» көпкүндік веложарысының жеңімпазы (2002-2003), «Тур де Франс» кезеңдерінің (2002-2003), «Amstel Gold Race» Әлем кубогы кезеңінің (2003), «Швейцария турының» (2003), беделді біркүндік «Льеж-Бостон-Льеж» веложарысының (2005,2010) жеңімпазы, жекелей жарыста әлем чемпионатының қола жүлдегері (2004, 2006). «Тур Байери» көпкүндік жарысына қатысушы (2005) - 2-орын, «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының қола жүлдегері (2003, 5-орын - 2005), «Тур Германии» (2003) - 3-орын, көпкүндік веложарыстарының қола жүлдегері. Алтантадағы (1996), Сиднейдегі (2000) - 2-орын, Афинадағы (2004) - 5-орын, Олипиадалық ойындарға қатысушы. ҚР ұлттық чемпионатының көптеген дүркін жеңімпазы. Азия чемпионатының жеке және топтық жарыстарындағы жеңімпаз, күміс жүлдегер (2009), Vuelta a Espana веложарысының басты есебінде жеңімпаз (2006), «Льеж-Бостон-Льеж» командалық бір күндік жарысында жеңімпаз (2010), «Тур дель Третино»жарысының жеңімпазы (2010!), «Тур де Франс» 13-кезеңінің жеңімпазы (2010). 2013 жылдан бері. «Astana Pro Team» командасының бас менеджері.

«Парасат», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

41 жыл бұрын (1977) «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы) Арман Ғинаятұлы ҚАСЕНОВ дүниеге келген.

Ол Ақмола облысында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, инженер-механик (1999); Мәскеу көлік институтын, көлік-логистика жүйелерін басқару (2001) бітірген.

Еңбек жолы: «ҚазСертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» РМК-да сараптама және аудит бөлімінің жетекші маманы (1999-2000); Мәскеу автомобиль-жол институтында (МТУ) ғылыми тағылымдамадан өтті (2000-2001); «ҚазТрансГаз» АҚ-да маркетинг және коммерцияны басқару менеджері (2002); «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да менеджер, бас менеджер, газ тасымалдау және маркетинг департаменті директорының орынбасары (2003-2006); «ҚазТрансГаз» АҚ-да Бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры (2006-2008); «ҚазТрансГаз» АҚ-ны Корпоративтік дамыту жөніндегі басқарушы директор (2008-2012); «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары (2012-2014).

Қазіргі лауазымын 2014 жылғы қарашадан бері атқарып келеді.

ҚР Э және МРМ «Құбыр көлігіне 70 жыл» естелік медалімен, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ құрмет грамоталарымен марапатталған.


33 жыл
 бұрын (1985) Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Жоламанұлы ҚАЛАУИ дүниеге келген.

Ол Атырау облысында туған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (2007); РФ Президентінің жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясын (2010) бітірген.

Еңбек жолы: «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасының орынбасары (2006-2010); «Тұран» ЖШС директоры (2007-2010 «Қазақстан» Телерадиокомпаниясы» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары-бас редактор (2010-2011); «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасы (2011-2012); Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы (2012-2016); Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы (06.2016-11.2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар