16 қазан. Туған күн иелері.

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

nullЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1954) ақын, жыршы, манасшы, режиссер, сатирик, тележүргізуші Баянғали Тоқанұлы  ӘЛІМЖАНОВ  дүниеге келді.

Көкшетау облысының Степняк қаласында туған. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген (1977). С.Мұқановтың мұражайында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» газеттерінде, «Қазақфильм» киностудиясында, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Көкшетау правдасы» газетінде, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде, Ш.Құсайынов атындағы Көкшетау облыстық қазақ драма театрында қызмет істеген. «Паң Нұрмағамбет» киностудиясының директоры және көркемдік жетекшісі. 1984 жылдан бері республикалық, облыстық деңгейде өткен айтыстарда сайысқа түсіп, жеңімпаз және жүлдегер атанған. 
«Қиқыматтың хикаялары» (1982), «Ұя» (1985), «Жынды Қаратайдың қасиеті» (2000), «Қиқыматтың қиссасы» (1989), «Ауылдың ақ самалы» (2003), «Алаш пен Манас» (2004), «Әзіл шуағы» (2004), «Деген екен» (2005) атты кітаптардың, «Құдалық», «Қожанасыр», «Қайран кемпір-шалдар-ай», «Еркегі бар болғыр», «Жолбарыс пен Пони», «Алтын ноқта», «Қазақы сайлау», «Жас қазақ», «Қазаннан келген қызғалдақ» атты пьесалардың авторы. «Жыраулар», «Асылдың сынығы», «Палуан» атты деректі фильмдердің, «Ән мен анаша» атты көркем фильмнің сценарийін жазған.

164 жыл бұрын (1854-1900) ирланд ақыны, драматург, жазушы Оскар УАЙЛЬД дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар