16 қарашада Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 16 қараша күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде ауа сапасы қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтау, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Тараз және Өскемен қалаларында метеорологиялық жағдай жағымды болатыны күтілуде.

Ал Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Талдықорған, Орал және Шымкентте атмосфералық ауаның ластануы болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар