16 қараша. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null

81 жыл бұрын (1937) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі КОСАРЕВ Владислав Борисович  дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған.  Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1968) және КОКП ОК Жоғары партия мектебін сырттай бітірген (1972). 1954-1956 жылдары - Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Боровской» кеңшарында тракторшы. 1956-1959 жылдары Кеңес Армиясында қызмет өткерген. 1959-1961 жылдары - Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Боровской» кеңшарында жүргізуші, комсомол комитетінің хатшысы. 1961-1968 жылдары - Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Мичурин», «Володар», «Червонный» кеңшарларында партия комитетінің хатшысы. 1968-1970 жылдары - Көкшетау облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1970-1974 жылдары - ҚЛКЖО Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1974-1980 жылдары - Көкшетау облысы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1980 - 1990 жылдары - Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Көкшетау облыстық комитетінің төрағасы. 1990-1997 жылдары - Көкшетау облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. 1998-1999 жылдары - Көкшетау қаласындағы «Interteach» Қазақ ұлттық денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру корпорациясы өкілдігінің директоры. 1990 - 2004 жылдары - Ақмола облысының № 1 округінен сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. 2004-2013 жылдары - Қазақстан Коммунистік халық партиясы ОК бірінші хатшысы (жетекшісі). 2013 жылдан бастап - Қазақстан Коммунистік халық партиясы ОК құрметті хатшысы. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері. ҚКХП партиялық тізімі бойынша сайланған.

43 жыл бұрын (1975) ҚР Қаржы вице-министрі БЕКЕТАЕВ Руслан Бақытжанұлы дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Бристоль университетін (Ұлыбритания), Оксфорд университетін (Ұлыбритания) бітірген.

1996-2001 жылдары - ҚР Ұлттық құнды қағаздар комиссиясының лицензиялау және қадағалау департаментінде жетекші маман, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, департамент директорының орынбасары міндетін атқарушы. 2001-2004 жылдары - ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қадағалау департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы. 2004-2005 жылдары - ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі банктерді қадағалау департаментінің инспекциялау басқармасының бастығы. 2005-2010 жылдары - қаржы органдарындағы, ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіндегі қызмет. 2011 жылғы мамыр-тамыз - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2011-2012 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті төрағасының орынбасары. 2012-2014 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2014 жылғы шілдеден бері.

43 жыл бұрын (1975) Алматы облысы әкімінің орынбасары ӘБДУӘЛИЕВ Ақан Жылқышыбайұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясынан бастаған. Кейінірек Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада - цирк колледжінде, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында ұстаздық қызметтер атқарған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы музыка факультетінің «Дәстүрлі музыка орындаушылық» кафедрасының меңгерушісі болды. 2008-2009 жж. А.Жұбанов атындағы ҚОМММИ директорының музыка ісі жөніндегі орынбасары, 2009-2015 жж. А.Жұбанов атындағы РҚМММИ директоры; 2015-2016 жж. Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметтерін атқарған. Алматы облысы әкімінің өкімімен 2016 жылдың 1 маусымынан бастап облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың қыркүйегінен.

43 жыл бұрын (1975) Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің басшысы, кәсіпкер ПИРИЕВ Әскер Аллабердіұлы дүниеге келді.

Ол 1992-1995 жылдары Шымкент энергетика және бизнес колледжінде «экономика және менеджмент» мамандығын игеріп шықты. 2001 жылы «Тұран» университетін халықаралық экономика және бизнес мамандығымен, 2013 жылы Қазақ технология және бизнес университетін экономикалық ғылымдарының магистрі дәрежесімен тәмамдады.

Еңбек жолын 1995 жылы «МТК ХИЛАЛ» ЖШС-дан бастаған. 1998-2003 жылдары «Ак-пласт инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары, 2003-2011 жылдары «Әлем-Систем» ЖШС бас директоры болған. 2011 жылдан бері «Алуана» ЖШС директоры, «Тенгри» қонақүйінің директоры.

35 жыл бұрын (1983) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қазақстандық боксшы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы СӘПИЕВ Серік Жұманғалиұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген.

Әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), Азияның екі дүркін чемпионы (2007,2009), Азия ойындарының жеңімпазы (2010), бірқатар ірі турнирлер медальдары мен жүлделерінің иегері. Қазақстанның атақты боксшыларының бірі.

2012 жылғы Лондон Олимпиадасында чемпион атанды, Вэл Баркер кубогының иегері.ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Соңғы жаңалықтар