16 қараша күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 қараша күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

9.00-де «Думан» қонақ үй кешенінде «Медициналық қызметтердің сапасы, пациенттер қауіпсіздігі және аккредитация» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

09.30-да «Көрме» орталығында «ТКШ-ЭКСПО және Құрылыс 2017» халықаралық форумының ресми ашылу салтанаты өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.

10.00-де Бас прокуратура ғимаратында «Қоғамдық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері және Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қарсы күрес» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оған ҚР Бас прокурорының орынбасары А.И.Лукин, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары бойынша Уәкіл З.Я.Балиева, Құқық қорғау органдары академиясының басшысы Н.Р.Ахметзәкіров, мемлекеттік органдардың өкілдері, соттар мен адвокаттар, ғалымдар, ҮЕҰ және шетелдік сарапшылар қатысады.

10.00-де «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық бастамалар» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің  кеңейтілген отырысы өтеді.

10.30-да Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросымен бірлесіп, халықаралық бақылаушыларға арналған семинар-тренинг өткізеді.

11.00-де Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында саяси ғылымдар докторы, профессор, Қазақстандағы саясаттанудың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Жаңылжан Жүнісоваға арналған «Саясаттанушы. Ғалым. Тұлға» кітабының таныстырылымы өтеді. 

11.00-де Астана қаласының ЖИТС-ке қарсы күрес орталығында 10 қараша күні басталған ЖИТС-ке қарсы бүкіләлемдік науқанға арналған баспасөз мәслихаты басталады.

11. 30-да африкалық делегаттар үшін «Astana Ютария LTD» тігін фабрикасына экскурсия жүргізіледі.  

14.40-та Президент әкімшілігі ғимаратының отырыстар залында Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. 

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылықтарға төзбеушілікті қалыптастыру құралы ретінде» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

15.00-де Ұлттық нейрохирургия орталығында Созылмалы ауырсыну синдромын емдеу бойынша алғашқы конференция өтеді.

15.00-де ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясындағы автомобиль жолдары комитеті атқарған жұмыстардың қорытындысына және алдағы қысқы маусымға арналған брифинг өтеді.

15.00-де Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша Ұлттық комиссияның отырысы өтеді. 

16.00-де  Ж. Бизенің «Кармен» операсының «Астана Опера» сахнасындағы премьерасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз мәслихатынан соң, журналистер басты дайындыққа шақырылады.

17.00-де «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы ғимаратында ЮНЕСКО-ның халықаралық стандарттары бойынша өнер және ғылым докторы, арт-терапевт, ҚР суретшілер одағының мүшесі, ақын Бақытбек Талқамбаевтың «Ғарыштық белгілер» атты жеке көрмесі өтеді.

19.00-де Astana Music Hall ғимаратында «Астана аруы - 2017» сұлулық байқауының ақтық сайысы өтеді. Астана аруы атағы үшін 18 қыз бақ сынайды және жеңімпаз «Қазақстан аруы - 2017» байқауына жолдама алады.

АЛМАТЫ

9.30-да Intercontinental Almaty қонақ үйінде БАҚ қазақстандық нарығының даму мәселелері бойынша «Media-Құрылтай 2017» Х республикалық салалық конференция ашылады. 

10.00-де Қазақстан мен Қырғызстанның өзара қарым-қатынасына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтеді. Шараны «Астана қаласының саяси зерттеулер қауымдастығы» ұйымдастырған.

11.00-13.00 аралығында Көк базар аумағында Медеу ауданы әкімінің аппараты аудан қызметтерімен бірлесіп, базар жұмысшылары арасында және қоғамдық тамақтану нысандарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында мәртебені анықтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

15.30-да «Арман» кинотеатрында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекаралық қызмет академиясының әскерилерімен 28 панфиловшы-жауынгерге арналған «Панфиловшылардың ерлігіне - 76 жыл!» салтанатты шарасы өтеді.

19.00-де «Алашұлы» тобы алғашқы есеп беру концертін өткізеді. Шоу концерт Республика сарайында өтеді.

СҚО

11.00-де СҚО Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын жақсарту бойынша семинар-жиналыс өткізеді.

«Достық» үйінде Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумына дайындық жөнінде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтеді.

Спорт сарайында Дене тәрбиесі және спорт басқармасы алқасының отырысы өтеді. Онда қысқы спорттық маусымға дайындық және балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектептерінің жұмысы қаралады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Облыстық «Арқа ажары» газетінің 100 жылдығы тойланады.

09.30-да Абылай хан ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді.

09.55 - 10.15 -  «Арқа ажары» газетінің редакциясында газеттің негізін қалаған Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіш тақтасы ашылады.

11.00 - 12.30 - «Көкшетау» мәдениет үйінде Облыс әкімінің қатысуымен «Тіршіліктің» ғасыры» атты салтанатты шарасы өтеді.

19.00 - 20.30 - «Достық» мейрамханасында Ақмола облысы әкімі атынан салтанатты қабылдау кеші басталады.

Соңғы жаңалықтар