16 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 16 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


null
ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1956) Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Өмірзақұлы АЙДАПКЕЛОВ дүниеге келген.

Жамбыл педагогика институтын (1977), Алматы халық шаруашылығы институтын (1986) бітірген.

Еңбек жолы: Жуалы ауданында мектеп мұғалімі (1977-1978); Жуалы ауданы комсомол комитетінде нұсқаушы, бірінші хатшы (1978-1981); Жамбыл облысы комсомол комитетінің хатшысы (1981-1987); Мойынқұм ауданы партия комитетінің хатшысы (1987-1988); Мойынқұм ауданы агроөнеркәсіп бірлестігінің жетекші маманы (1988-1991); Жамбыл облысы агроөнеркәсіп кешенінің бөлім бастығы (1991-1992); Жамбыл облысы әкімдігінің сыртқы экономика байланыс бөлімінің бастығы, агроөнеркәсіп салаларын дамыту бөлімінің кеңесшісі (1992-1993); «Тараз» сыртқы экономика ассоциациясы бас директорының орынбасары (1993-1994); «Арнабол» ЖШС директоры (1994-1997); облыстың халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы (1997-1999); Сарысу ауданының әкімі (1999 -2004); Жуалы ауданының әкімі (2004-2006); Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы (2006-2009); Жамбыл облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы (2013-2014).

Қазіргі лауазымын 2014 жылдан бері атқарып келеді.

54 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Советбекұлы ДОНАҚОВ дүниеге келді.

1965 жылы Семей облысында туған. 1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін және КСРО Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының (Мәскеу қаласы) аспирантурасын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

Аспирантураны бітіргеннен кейін Қазақстан Ғылым академиясының жүйесінде жұмыс істеді. 1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аппаратында, 1994 жылғы сәуірден Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет етті.

2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірінші орынбасары. 2002 жылғы наурыздан бастап Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2008 жылдың 14 ақпанында ҚР Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2008 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрі болып тағайындалған; Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2016-2018).

Қазіргі қызметін атқаруға 2018 жылдың сәуірінде кірісті.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

53 жыл бұрын (1966) «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Біржан Бисекенұлы ҚАНЕШЕВ дүниеге келді.

Ресейдің Саратов облысында туған. Саратов политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін, АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университеті А.Слоун атындағы менеджмент мектебін бітірген.

1990-1994 жылдары - Саратов облыстық автокөлік пайдалану кәсіпорнының есепшісі, кәсіпорын директорының орынбасары. 1994-1997 жылдары - Орал қалалық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігі өнеркәсіп және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Бөбек» балалар қорының Батыс Қазақстан өкілдігінің атқарушы директоры. 1997-1999 жылдары - ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі департамент басқармасының бастығы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі стратегиялық жоспарлау және бақылау департаменті директорының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі байланыс және ақпарат жөніндегі комитеттің төрағасы. 2001-2003 жылдары - ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік төрағасы. 2007-2008 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпараттандыру комитетінің төрағасы. «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ атқарушы директоры. 2008-2009 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2012-2013 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (2013-2014); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы (2014-2017).

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдан бері.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «теміржол көлігінің 100 жылдығы» медалімен марапатталған.

51 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Қабыкенқызы ЖАҚЫПОВА дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. 1991 жылы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады.

1991 - 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, 1997 - 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы, 1998 - 2001 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары, 2001 - 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры, 2008 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры, 2011 - 2013 жылдары - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы болып қызмет атқарды. 2013 - 2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.

2017 жылғы ақпаннан бастап - қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен марапатталды.

48 жыл бұрын (1971) Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы ӘЛНАЗАРОВА дүниеге келген.

Қызылордада туған. Алматы мемлекеттік медициналық институтын педиатр мамандығымен (1994); Қорқыт ата университетін экономист мамандығымен (2006) бітірген.

Еңбек жолы: Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999); облыстық денсаулық сақтау басқармасында бөлім бастығы, басқарма бастығысының орынбасары (1999-2001); Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003); Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004); ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007); Қызылорда медицина колледжінің директоры (2007-2013); Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (2013-2015).

Қазіргі қызметін 2015 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.

«Шапағат», «10 жыл Астана» медальдарымен; «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар